Атырау, 29 наурыз 11:01
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жаңа жағалауға әжетхана жетіспей тұр

3 524 просмотра

Жастар демалыс саябағында және жаңартылған жағалауда қоғамдық әжетханалар жетіспейді, бұл қала тұрғындарына мәдениетті сақтап, арқаны кеңге салып демалуға қолайсыздық туғызып отыр.

Атырауда жаңа саябақ пен жағалау ашылды, олар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жер жерден жар салып, облыс басшысы мен әлеуметтік жобалар аясында жастар паркін салуға демеуші болған NСОС басшысының суреттерін беріп ресми пабликтер жариялады. Велосипед жолдары, ойын алаңдары, аттракциондар және жаңа демалыс орындарының басқа да көрнекті жерлері туралы жарыса жазды. Бірақ олар ең негізгі нысан туралы айтуды ұмытып кетті – ол жерде бірде-бір қоғамдық әжетхана жоқ. Ал қайта жаңартылған жағалаудың жалпы ұзындығы екі километрді құрайды. Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-ге дейінгі саябақтың аумағы 6,5 гектарды құрайды. Жаңа демалыс орындары ашылғаннан кейін редакциямызға жағалауға жақын маңдағы үйлердің ашуланған иелері хабарласа бастады. Қыдырып жүрген қала тұрғындары балаларымен бірге дәрет сындырып, қол жуып алуға бола ма деп өтініш жасайды екен. Ер азаматтар сол маңдағы талдар мен қоршауларды «суарса», әйел адамдарға тіптен ыңғайсыз. Оның үстіне сұбұрқақтар да сарқырап тұр...

- Осындай заманауи және ауқымды нысандарда қоғамдық әжетханалар неге  қарастырылмаған? Қала әкімдігі бұрын сатып алған модульді павильондарды пайдалануға болмай ма? – деп ренішін білдірді қала тұрғындары.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде жергілікті билік жалпы құны 39 млн теңгедей тұратын 5 қоғамдық әжетхана сатып алды.

- Бұрын сатып алынған санитариялық павильондар нысандар бойынша таратылды, – деп хабарлады маған қаланың баспасөз қызметі. - Бір әжетхана Жеңіс саябағында, екіншісі - Исатай мен Махамбет алаңында, үшіншісі - Авангардтың соңғы аялдамасында, төртіншісі – «Атырау – Ақпарат» ғимараты маңындағы жағалауда, ал бесіншісі - қалалық ДШСК-ге (ФОК) жақын жерде орналасқан.

Айтпақшы, олардың жұмысына да тұрғындардан шағым көп түседі, көбіне жабық тұрады дейді олар. Баспасөз қызметіндегілер әжетханалар таңғы 8-ден кешкі 22-ге дейін жұмыс істейді деп сендірді. Әжетхана қағазынан бастап гигиеналық құралдарға дейін қажеттінің бәрі бар. Әзірге олар қалалық ТКШ бөлімінің балансында, тазалық пен ондағы тәртіпке «Арнаулы автобаза» ЖШС жауап береді. Барлық нысандарды жақын арада әр түрлі шарттармен сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр. Жеңіс саябағы және Исатай мен Махамбет алаңындағы әжетханалар негізгі нысандармен бірге беріледі. Айтпақшы, екі нысан да – саябақ пен алаң да сенімгерлік басқаруға беру үшін саудаға шығарылды, бірақ оларды алуға әлі ешкім қызығушылық танытқан жоқ.

Университет аймағында модульді бір павильон орнатылды, екіншісін жаңа жағалауда Хамит Ерғалиев ескерткіші маңында қою жоспарлануда. Екеуі де мердігердің есебінен орнатылады. Қазір облыс әкімдігі ғимаратының маңайында үшінші санитариялық орынның қажеттілігі туралы мәселе қарастырылуда, бірақ ол бойынша әлі шешім қабылданған жоқ, – деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 қазан 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.