Атырау, 23 сәуір 20:20
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Ауада күкіртсутегі тағы шамадан тыс көбейіп тұр

2 845 просмотра

Кеше, 15 қазанда, Атыраудың тұрғындары ауадан шіріген жұмыртқаның иісі шыққанын байқады. Қазгидрометтің интерактивті картасында ауада күкіртсутегі және РМ (ұсақдисперсті) бөлшектерінің шамадан тыс артып кеткенін көрсетті.  

Бүгін, таңертеңгі сағат 11-де, сайттағы мәліметте қаланың үш ауданында – Береке ықшамауданы, Сәтпаев – Владимирская қиылысы, Азаттық – Әуезов көшелерінің қиылысында ауада PM бөлшектері мен күкіртсутегімен ластанудың жоғары көрсеткіші көрсетілді. Сондай-ақ, Перетаска, Химпоселок, Әуезов даңғылы, Мирный кенті, Пропарка аумақтарында күкіртсутегі бөлшектері  жоғары деңгейде болды.

№9 Ауаның ластануын бақылау бекетінде (АЛББ): Береке ы/а, өндірістік аймақ – 408 PMTot (ұсақ шаң).
№9 АЛББ: Береке ы/а, Береке өндірістік аймағы - 209 PM10 (шаңның үлкен бөлшектері).
№5 АЛББ (қолмен өлшеу бекеті): Сәтпаев даңғылы мен Владимирская көшесінің қиылысы – 200 PMTot (ұсақ шаң).
№5 АЛББ (қолмен өлшеу бекеті): Сәтпаев даңғылы мен Владимирская көшесінің қиылысы – 5 H2S (күкіртсутегі).
№1 АЛББ (қолмен өлшеу бекеті): Азаттық даңғылы, Әуезов даңғылының қиылысы – 6 H2S (күкіртсутегі).

Естеріңізге сала кетейік, Атыраудың аталған үш учаскесінде күкіртсутектің шамадан тыс артуы тұрақты тіркеліп отырады. 

Кейін Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ түсіндіргендей, ауадағы жағымсыз иіс 5 күн бойы (10-15 қазан аралығында) жанған қамыс өртінен туындауы мүмкін.

- 10 қазанда Каспий теңізі жағалауында Кеңөзек ауылдық округі аумағында өрт басталған кезде біздің зертханалық зерттеу бөлімінің мамандары өрт ошағында ауа сынамасын алды. Ол кезде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) асып кеткені тіркелген жоқ. Бұл қаладан Каспий теңізіне қарай соққан оңтүстік-шығыс желдің әсерінен деп ойлаймыз. 13 қазанда «Қазгидромет» қызметкерлерімен бірге ауа сынамасын алу үшін қала маңындағы Көкарна, Зарослый, Балауса, Тасқала ауылдарына бардық. Онда да желдің оңтүстік-шығыс бағытынан болғандықтан ШРК артқанын көрсеткен жоқ.

- Ал 14-15 қазанда ауаға талдау жасалды ма? Бүгін тұрғындар тағы да жағымсыз иіске шағымданды.

- Таңертең ауа сынамасын алу үшін біздің мамандар шықты. Олар әлі келген жоқ. Сонымен қатар, біз Қазгидрометтен атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізетін автоматтандырылған станция деректерін сұраттық. Электр қуатының жоқтығынан ол мәліметтерді бізге әлі жібере алмай отыр. 

Бұдан кейін зертханалық зерттеу бөлімінің бас маманы Әділбек ЕКПІН ауа сынамаларының бүгінгі талдауы бойынша оңтүстіктен келетін желдің әсерінен ШРК аспағанын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

16 қазан 2020, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.