14 қыркүйекте Атыраудағы Береке ықшамауданында жүк түсіру кезінде КамАЗ көлігінің көтерілген борты 10 мың вольтты электр кернеуіне тиіп кетті. Осыдан машинаның артқы дөңгелектері, содан кейін дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі өртенді.
- КамАЗ-дың көтерілген металл борты электр сымына тиіп кетті. Бағына қарай, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. - Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел жетіп, жарты сағат ішінде жанып жатқан жүк көлігін сөндіріп үлгерді.
Фархат ӘБІЛОВ
ТЖД ұсынған суреттер