Атырау, 17 сәуір 02:33
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Фермердің өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

5 581 просмотра

Жылыой ауданындағы фермерді өлтіру фактісі бойынша екінші күдікті ұсталды.

Естеріңізге салсақ, 6 қыркүйекте Жылыой ауданының 47 жастағы тұрғыны, «Боздақ» шаруа қожалығының басшысы Нұралы НҰРТІЛЕУОВ мотоциклімен жылқы үйірін іздеп шығып, өзі із-түзсіз жоғалған. ТЖД, полиция қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізілді.

Ал 14 қыркүйекте оның қыстағынан 70 шақырым жерде мал суаратын қараусыз қалған құдықтан зорлық-зомбылық белгілері бар фермердің денесі табылды.

Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 1982 жылы туған Құлсары қаласының тұрғыны ұсталды, одан 16-калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.

- Жедел-іздестіру іс-шарасы мұнымен тоқтаған жоқ, көп ұзамай тағы бір  күдікті - 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлады Атырау облысы ДП баспасөз қызметі. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қыркүйек 2020, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.