Атырау, 29 наурыз 17:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Қазақстаннан Америкаға көшкісі келетіндер көбейді".​ "Мәсімов отбасының Парижге сапары Ұлыбританиядағы тергеуге ілік болды". "Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласында мораторий жарияланады". "Несие амнистиясы, жер мәселесі мен Қытайға қарсылық".

8 773 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «АҚШ пен Еуроодақ Беларуське санкция енгізбек»- АҚШ Еуропа елдерімен Беларуське қарсы «мақсатты санкциялар» енгізуді талқылап жатыр. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Стивен Биган мәлімдеді.  

"Балташ Тұрсымбаев: Бүгін мемлекет болып, ұлт болып тығырыққа тірелдік..." - The Qazaq Times-тың "Talk-TOR"-інде қонақ болған мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, "Ел мен Жер" қоғамдық қозғалысының төрағасы Балташ Тұрсымбаев жаңадан құрылған қозғалыстың мақсат-мүдесі мен алдағы атқарар іс-шаралары туралы ой бөлісті. 

NEGE.KZ. «Офис VS Удаленка. Коронавирус кеткеннен кейін қалай жұмыс істейміз?» - Пандемия біткеннен кейін біз кеңсеге қайта ораламыз ба? Удаленка біз үшін уақытша режим болды ма? Бизнес үшін қай тәртіп тиімді? Осы сұрақтарға жауап іздеген Nege.kz отандық HR мамандармен кездесті. Кеңсе мен үйдің шекарасы жойылып барады. Ал қаржылық алпауыттар отыратын үлкен салтанатты ғимараттар дәуірі келмеске кетті, деп жазады The Guardian. Forbes ойынша, қашықтан жұмыс істеу жаңа нормаға айналуы мүмкін.

«Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласында мораторий жарияланады» - «Мемлекеттік аппаратты қысқарту жайлы айтар болсам, біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаумен қатар істі ойлы түрде жүргізіп, бірде-бір адам жұмыссыз қалмайтындай әрекет етуіміз керек. Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің амалы мынадай: біз биыл мемлекеттік қызметшілердің 10 пайызын, ал 2021 жылы 15 пайызын қысқартамыз. Ең алдымен бұл жұмысты вакансия есебінен жүргіземіз. Сонымен қатар мемлекеттік аппаратты қысқартумен қатар босаған қызметкерге басқа жұмысты ұсынамыз», – деді Анар Жайылғанова Президенттік жастар кадрлық резервіндегі азаматтармен елордадағы кездесу барысында.

AZATTYQ.ORG. "Ол жақта мүмкіндік көп". Қазақстаннан Америкаға көшкісі келетіндер көбейді" - Тұрмысы төмен елдердегі көп жұрт үшін Американың грин-карта лотореясы – бақуатты өмірдің кілті. Сондықтан жылына миллиондаған адам АҚШ үкіметі ұйымдастыратын ұтысқа қатысып, бақ сынайды. Кейінгі жылдары лотереяға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген қазақстандықтар саны жылдам артып барады: 2008 жылы лотереяға 8,8 мың адам қатысса, 2018 жылы қатысушылар саны 82 мыңға жеткен, яғни көрсеткіш 10 жылда 10 есе өскен.

«Мәсімов отбасының Парижге сапары Ұлыбританиядағы тергеуге ілік болды» - Батыс баспасөзі Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, қазір арнаулы қызметті басқаратын Кәрім Мәсімовтің отбасының Парижге сапары жемқорлыққа қатысы болуы ықтимал істі зерттеп жүрген британ тергеу органдарының назарына іліккенін хабарлады. Халықаралық басылымдар Қытайдың Қазақстандағы уран кен орындарын сатып алу туралы келісімде ілгерілегенін, АҚШ-та бірінші бөлімі Қазақстан билігінің наразылығын туғызған, ойдан шығарылған журналист Борат Сағдиев туралы фильмнің жалғасы түсіріле бастағанын жазады.

«Несие амнистиясы, жер мәселесі мен Қытайға қарсылық. Алматыдағы наразылық акциясы» -13 қыркүйекте Алматыда биліктен несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, шетелдіктерге жер сатпау тақырыбымен өткен митингіге екі жүздей адам жиналды. Әкімдік келісім берген шарада Қытайды айыптап сөйлегендер "Қытайдың Қазақстандағы елшісі кетсін" деген талап айтты. Аз ғана адам қатысқан осындай шара тағы бірнеше қалада өтті.

«Тоқаевтың "еститін" үкіметі тұсында "саяси тұтқын" деп танылғандар көбейді» - Былтыр Қазақстан президенті болып сайланған соң демократиялық өзгерістерді қолға аламын деп уәде еткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі тұсында саяси тұтқын көбейді. Халықаралық және қазақстандық құқық қорғау ұйымдары осылай дейді. Ал билік "Қазақстанда саяси тұтқын жоқ" дейді.

EGEMEN.KZ. "Педофилия: Адамзат азғындықтан арылған жоқ" - Заман өзгерді дейміз ғой. Әсілінде заман емес, адам өзгерген сыңайлы. Құрдымға кеткен құндылықтар мен адам айтса сенгісіз аярлықты күн сайын көретін болдық. Оған да етіміз үйреніп барады. Әсіресе, балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық пен педофилия тыйылмай тұр. Бала құқығы аяқасты қалмасын деп ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен, хайуан екеш хайуанның өзі жасамайтын бассыздыққа бел буғандардың айылы жиылар емес. Биылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде қылмыстың осы түріне қатысты 550 оқиға тіркеліп отыр.

14 қыркүйек 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.