Атырау, 29 наурыз 00:41
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Шайтанның» шығуы

Сурет
5 177 просмотра

Атырау облыстық полиция департаменті экология заңнамасын бұзушылықтың алдын алу жөніндегі «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Бұған браконьерлер «Шайтан» деп лақап ат қойған Италияда жасалған жоғары жылдамдықты патруль катері пайдаланылуда.

- Шара барысында полицейлер Жайық өзені жағалауында, сонымен қатар, Индер ауданы аумағындағы Тұздыкөл, Жылыой ауданындағы Қамыскөл демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде, - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Атап айтқанда, 30 шілде күні Ескі базар тұсында полицейлер құрылған ау-тор жарақтарын, Атырау ықшамауданы тұсында қолдан жасалған шағын қайықты тауып, тәркіледі. Қазір олардың иелері анықталуда.

Бұдан басқа, Ақжар поселкесі тұсында карантиндік шектеулерді ескермей, белгіленбеген жерде ересектер мен балалар суға түсіп жүрген. Құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) және жағалауды ластағаны үшін 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттамалар рәсімделді. Жалпы бүгінде 80-нен астам құқықбұзушылық анықталды.

Айтпақшы, «Шайтан» өзен мен теңізге жиі шықпайды. Кезінде «АЖ» бес жыл бұрын 1,3 млн долларға сатып алынған осы итальяндық катер үлгісі туралы әлденеше рет жазған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ПД ұсынған суреттер

31 шілде 2020, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.