Атырау, 25 сәуір 18:44
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Коронавирус: құрбан болғандардың нақты саны қандай?

3 396 просмотра

Ресми түрде COVID-19-дан Атырау облысында 13 адам қайтыс болды, олардың ішінде медицина қызметкерлері жоқ.

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн-конференция барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып хабарлады. Алайда, коронавирус инфекциясынан көз жұмғандарды тіркеуге қатысты атыраулықтарда сұрақ көбейіп, күмән келтіріле бастады. Ресми статистикаға қарағанда ресми емес деректер өте қайғылы. Бірақ нақты ақпаратқа қол жеткізу мүмкін емес. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы халыққа ресми ақпарат ұсынудан бас тартып отыр, себебі қоғаммен байланыс қызметін денсаулық сақтау министрлігі өз қолына алды дейді.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила БҰЙРАБЕКОВА онлайн брифингтердің бірінде олардың ведомствосы өңірлік деңгейде осы жағдайларды талдау жөніндегі комиссия өткен соң ғана өлім-жітім туралы деректерді жариялайтынын айтты. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған КВИ-дан көз жұмғандар саны өңірлердің денсаулық сақтау басқармасының мәліметтерімен сәйкес келмей жатады. Нәтижесінде, бірнеше апта бойы біздің өңір бойынша тек 13 адам қайтыс болғаны көрсетіліп жүр. Сонымен қатар, өткен айда облыс әкімдігі 21 адам деп басқа мәліметті жария еткен еді. Ал іс жүзінде өлім-жітім саны әлдеқайда көп. Шамасы, биліктің КВИ мен пневмониядан қаза тапқан адамдарды есептеуі қиынға соғып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Атырау коронавирус инфекциясы мен екі жақты пневмониядан қайтыс болған екі адамнан – дәрігер - инфекционист Жұмабек ДӘУЛЕТОВ пен фельдшер Алмагүл ДЕМЕСИНОВАДАН айырылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 шілде 2020, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.