Атырау, 20 сәуір 07:08
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Президент Атырау облысының әкіміне сөгіс жариялады

Бейнежазба
7 516 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялады. Мемлекет басшысы аймақ басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Атырау облысындағы жағдай өте күрделі, онда не болып жатыр? Мен Атырау облысының әкіміне көмектесуді тапсырдым. Жаңа әкім, мұнайшы, әйгілі адам. Көмектесейік. Сіздерде бірнәрсе дұрыс емес. Асқар Ұзақбайұлы комиссияны шұғыл түрде Атырау облысына жіберу керек. Ол жұмыс жасай алмай жатыр. Мен әкімге сөгіс жариялаймын, соңғы ескерту. Біз бүкіл аймақты осы жерден басқара алмаймыз ғой", - деді Тоқаев.


Президент қалаларда карантиннің сақталуы туралы да айтты.

"Екі ай бұрын мен Алматыда болдым, көшеде ешкімді карантинді ескермейді. Бәрі бетпердесіз жүр. Бұл таңқаларлық. Әкімдер түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізіп жатқан жоқ", - деп қосты мемлекет басшысы. 

Жұма күні Тоқаевтың атынан Атырау облысына жұмыс сапарымен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов келді, онда ол аймақтағы эпидемиологиялық ахуал бойынша шұғыл жиналыс өткізді.

Атырау облысында пандемия басталғалы бері 7150 коронавирус ауруы анықталды. 4 693 адам қалпына келді, 13 науқас қайтыс болды.

Жағдайды тұрақтандыру үшін облыста 400 орындық карантиндік стационар ашылды.

11 шілде 2020, 00:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.