Атырау, 19 сәуір 19:54
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ұлыбританияда карантин қайта күшейтіліп жатыр

2 686 просмотра

Ұлыбританияның Лестер қаласында карантин режімі қайта күшейтіліп жатыр. Бұған коронавирустың өршуі себеп. Соңғы екі аптада шаһарда 900-ге жуық жаңа дерек тіркелген, деп хабарлайды 24.kz.

Осылайша 350 мыңдай тұрғыны бар қалада вирус жұқтырғандар саны 3 мыңға таяп қалды. Жаңа ережелерге сай, бүгіннен бастап азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары жабылды. Ал бірер күннен кейін мектептерде сабақ тоқтатылады. 

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнок тұрғындарды аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырды. 

Мэтт Хэнкок, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі:

- Біз шектеу шараларының орындалуын жіті қадағалаймыз. Қажет болса, талаптарды күшейтеміз. Сақтық шаралары орындалса, індетке тосқауыл қойылып, Лестердегі қала тіршілігі қайта жанданады. Қабылданған шаралардың тиімділігін бақылап отырамыз. Екі аптадан соң талаптарды жеңілдете аламыз ба, жоқ па, соны шешеміз.

30 маусым 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.