Атырау, 20 сәуір 16:48
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үндістанда найзағайдан екі күн ішінде жүзден астам адам көз жұмды

3 234 просмотра

Соңғы екі күнде Үндістанның Бихар және Уттар-Прадеш штаттарында жүз он адам найзағайдан қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости табиғи апаттарға қарсы күрес департаментіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін, Үндістандағы Бихар штатында найзағайдан 83 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейін Уттар-Прадеш штатының билігі бейсенбіде 24 адам қайтыс болғанын, тағы үшеуі сәрсенбіде қаза болғанын мәлімдеді.

Найзағай соққысынан 32 адам зардап шекті - Бихарда 20 адам, Уттар-Прадеште 12 адам жарақат алды. Олардың барлығын күйік шалған. 

Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

"Қатты жаңбыр мен найзағай салдарынан Уттар-Прадеш пен Бихардың кей ауданында бірнеше адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабар келіп түсті. Штат үкіметтері шұғыл көмек көрсетумен айналысады", - деп жазды ол Twitter-де.

Штат билігі қаза тапқандардың туыстарына 400 мың рупийден төлем берілетінін хабарлады. Олар ауа-райы нашар кезде адамдарды мүмкіндігінше үйде отыруға шақырды. 

Ал ауа райы департаменті Уттар-Прадеш штатында және солтүстік аудандарда күшті жауын-шашын жалғасады деп болжады.

26 маусым 2020, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.