Атырау, 19 сәуір 14:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астрахан трассасында әскери жүк көлігі мен "жедел жәрдем" соқтығысып, екі медик және жедел жәрдем жүргізушісі қаза тапты

7 034 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 6 мамырда Атырау-Астрахан трассасының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен Исатай аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың бәрі - жүргізуші мен екі медик қайтыс болды.

42 жастағы медбике оқиға орнында көз жұмды, ал екінші медик пен жедел жәрдем жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жүк көлігінің рөлінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекарашы - 20 жастағы шұғыл қызмет сарбазы болған. Тергеудің негізгі нұсқасы бойынша, ол көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қозғалған қылмыстық іс аясында әскери тергеушілер апатқа куәгерлер болса, +7 (7122) 46-08-65, +7 (775) 535-18-20 телефондарына хабарласуды сұрайды

«АЖ» сайтында жарияланғаннан кейін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бұл олардың көліктері емес, Исатай аудандық санитариялық дәрігерлік амбулаторияның көлігі екенін нақтылауды өтінді.

Фархат ӘБІЛОВ

29 мамыр 2020, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.