Атырау, 29 наурыз 10:52
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру қызметі жетілдірілді

5 179 просмотра

eGov.kz порталында көлік жүргізуші куәлігін беруге арналған қызметті жетілдіріп, қосымша функцияларды қосты. Енді, жеке тұлғалар құжаттың мерзімі аяқталғанда, сондай-ақ, атын, тегі мен әкесінің атын ауыстырса, осы қызметті онлайн түрде пайдалана алады. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, бүгінде халық тарапынан түсетін барлық ұсыныс зерделенеді. Соның негізінде ақпараттық жүйені жетілдіріп отырады.

"Біз тәулік бойы халықпен байланыс орнатып, бәрін бақылап отырамыз. Адамдардан түсетін барлық ұсыныс қаралады және бөлек кейс ретінде өңделеді. Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметтер жетіле түседі, оны онлайн режимде алу процесі жеңілдейді", - дейді Тұрысов.

eGov.kz арқылы жүргізуші куәлігін қалай алуға болады

Осы қызметті алу үшін, алдымен, eGov.kz порталына кіріп, "Көлік пен коммуникациялар" бөлімін таңдау керек. 

Ал "Автомобиль көлігі" бөлімінде "Жүргізуші куәлігін беру" қызметін басу қажет. Авторизациядан кейін "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы арқылы өтесіз.

Жеке мәліметтерді толтырып, сурет жүктеу керек. Қолтаңбаның үлгісін де енгізесіз. 1,25 АЕК (3 473 теңге) көлемінде төлем жасағаннан кейін электронды цифрлық қолтаңбамен рәсімдейсіз.

Аты-жөнін ауыстырғанда куәлікті қалай алады

Кәулікте жеке мәліметті ауыстыру үшін арнайы жиекке адамның атын, тегін және әкесінің атын өзгерткені туралы анықтаманы жүктеу керек. 

Куәліктің мерзімі өтсе не істеу керек

Құжаттың мерзімі өтіп кетсе, 083-У үлгісіндегі медициналық анықтаманы ғана тіркеп жіберу керек. 

Жүргізуші куәлігі жоғалса...

Құжат ұрланса, немесе жоғалған жағдайда аудандық полиция басқармасынан тиісті анықтаманы алу керек.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 мамыр 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.