Атырау, 19 сәуір 00:41
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысында төтенше жағдай мен карантин режимін бұзған 100-ден астам жағдай тіркелді

4 417 просмотра


Бүгінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі мен карантинді бұзған 108 жағдай анықталды. Мәселен, кейбір ойын клубтары, сауна мен кафелер тыйым салынғанына қарамастан жұмыстарын жалғастырған. Сонымен қатар, бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болған 10 жағдай тіркелді.

Әкімшілік сот 86 іс бойынша шешім шығарды, тағы 22 іс қаралуда.

- Атырауда, мәселен, қала тұрғыны дәлелді себепсіз көлігімен жүрген, оның жүргізуші куәлігі болмаған. Сот оны 5 тәулікке қамауға алуды ұйғарды. Тыйым салынғанына қарамастан жұмыс жасаған сауна қожайыны да осындай мерзімге қамауға алынды, - дейді Атырау облыстық Полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Индер ауданында ойын клубының, Махамбет ауданында фотостудияның иелері жұмыстарын жалғастырған. Мас күйде көшеде жүрген және полиция қызметкерлеріне бағынбаған 6 адам ұсталды. Сот қаулысымен оларға әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

7 сәуір 2020, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.