Атырау, 16 сәуір 20:57
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

АҚШ вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты

3 392 просмотра

Нью-Йорктегі Тайм-сквер алаңы

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Worldometer сайтының дерегінше, 26 наурызда АҚШ-та науқастар саны 82 мыңнан асқан. Эпидемия басталған уақыттан бері мұнда 1177 адам коронавирустан қайтыс болған (Қытайда - 3287 адам). Бейсенбі күні бір күнде 10 мыңнан астам адамға вирус жұққаны белгілі болды. 24 сағат ішінде 150 адам көз жұмған.

Әсіресе Нью-Йорк штатында жағдай ауыр. Мұнда 37 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо вирус жұқтырғандар саны көп болғандықтан ауруханалар, медициналық мекемелер толып кетуі мүмкін деп мәлімдеді. Жағдайы ауыр науқастарға қолданылатын өкпені жасанды түрде желдететін аппарат жетпей қалуы ықтимал. Нью-Йорк және АҚШ-тың өзге штаттарында карантин жарияланды.

Конгрестің өкілдер палатасы 27 наурызда пандемия жағдайында экономика мен азаматтарды қолдау туралы заң жобасын мақұлдайды. Пакет құны 2 трлн доллар деп айтылады.

Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус жұқтырғандар жарты миллионға жуықтап қалды. АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, 27 наурызда әлемде вирус жұқтырғандар 530 мыңнан асты. 24 мыңнан аса адам қаза болып, 120 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 наурыз 2020, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.