Атырау, 29 наурыз 00:10
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

3 578 просмотра


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Оның алпыс бірі Нұр-Сұлтан, қырқы Алматы қаласында.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл шұғыл брифинг, өкінішке қарай, бүгін коронавирустан Қазақстан азаматы - әйел адам қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, бұл - орны толмас қаза", - деді ол. 

Министрдің айтуынша, ертең қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған әйел туралы толық ақпарат береді.

"Осы оқиға коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін көрсетіп отыр. Біз үшін бұл - үлкен сынақ. Биліктің оқшаулауға қатысты талаптарын орындап, төтенше жағдай мен карантинді сақтау қажет. Үйде болыңыздар, аман болайық", - деп түйіндеді Абаев.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында - 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылған болатын.  

Дереккөз: Sputniknews.kz

26 наурыз 2020, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.