Атырау, 29 наурыз 05:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Диқандар алқапқа шықты

2 400 просмотра
Көрнекі сурет

Облыс диқаншылары «Көктемнің әр күні жылға азық» демекші, күннің ерте жылынуына орай егіс алқаптарына жылдағыдан ерте шықты. Биыл 9222 га жерге түрлі дақылдар егіледі, бұл 2019 жылға қарағанда 289 гектарға көп. Оның ішінде 2668 - көкөніс, 1182 - бақша, 2040 - картоп, 3332 - мал азығы егіледі деп күтілуде. Тамшылатып суару технологиясы 3 мың гектарды құрамақшы.

- Көктемгі дала жұмыстарына 763 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылады. Оның ішінде 533 трактор, 230 ауылшаруашылығы мен су сорғылары бар. Шаруа қожалықтары 1200 тонна минералдық тыңайтқыштар сатып алмақшы. Қазір тыңайтқыш өндіру зауыттарымен, тыңайтқышты жеткізушілермен келісімшарт жасақталуда, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Егін шаруашылығындағы 4 бюджеттік субсидиялау бағдарламаларына жергілікті бюджеттен  259 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Атап айтқанда су жеткізу қызметі 201 млн, тыңайтқышқа 50 млн, гербицидтерге 2 млн, тұқым шаруашылығына 6 млн теңге қаралған. Бүгінде облыс диқаншылары қоршау, жерді дайындау, алқапты жырту, көшеттер отырғызу, т. б. жұмыстармен айналысуда.              

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 наурыз 2020, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.