Атырау, 19 сәуір 09:13
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда 65 жастан асқан депутаттарға жұмысқа бармауға рұқсат етілді

3 322 просмотра


Қазақстан парламентінің төменгі палатасы коронавирусқа байланысты жұмыс форматын өзгертті деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында кейбір депутаттардың орны бос тұрды. Оның себебін Нұрлан Нығматулин түсіндірді.

"Кейбір әріптестеріміз бүгінгі отырысқа қатысып жатқан жоқ. Бірақ қорқыныш болмағаны жөн. Барлығы дін-аман. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес, 65 жастан жоғары кейбір әріптестерімізге жалпы отырыстан бас тартып, үйде отыруға кеңес бердік. Бізге кворум мәжілістің жалпы отырысын осындай форматта өткізуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Нығматуллиннің сөзінше, пленарлық отырысқа тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысады.

Мәжіліс отырысына депутаттардың барлығы маскамен келіп, бір-бірінен алшақ отырған.

Айта кетейік, мәжілісте 104 депутат бар. Олардың 23-і бүгін жұмысқа шықпаған.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті.


Дереккөз: Tengrinews.kz

26 наурыз 2020, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.