Атырау, 20 сәуір 11:30
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алмазбек Атамбаевтың соты жабық өтеді

2 577 просмотра


Қырғызстанда өткен жылғы Кой-Таштағы оқиғаға қатысты бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен тағы 13 айыпталушының ісі бойынша соттың қашан өтетіні анықталды.

Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошевтің айтуынша, Бішкектің Первомай аудандық соты бірнеше күнге созылған алдын ала тыңдаудан кейін сотты 23 наурызға белгілеген. Жоошевтің айтуынша, судья Марат Сыдықов қорғау тарабының сотты ашық өткізу туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Адвокаттың айтуынша, отырысқа қоғам өкілдері қатыса алмайды.

Былтыр тамыздың 7-8 күндері Шу облысы Аламудун ауданындағы Кой-Таш ауылында "Алмазбек Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп жеткізу" операциясы кезінде күштік құрылымдар мен саясаткер жақтастары арасында қақтығыс болды. Ауыр жараланған бір арнайы жасақ өкілі көз жұмды, бірнеше адам зардап шекті. 200-ден астам адам түрлі жарақат алды. 8 тамызда Алмазбек Атамбаев пен жақтастары билікке өз еркімен берілді.

Атамбаевты ұстағаннан кейін оған "Жемқорлық" және "Қылмысқа қатысу" және өзге де баптар бойынша ауыр айыптар тағылды, сот шешімімен тергеу абақтысына қамалды. Атамбаев қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевтың заңсыз босап шығуы туралы істе де негізгі айыпталушылардың бірі.

Дереккөз: Азаттық радиосы

7 наурыз 2020, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.