Атырау, 24 сәуір 01:50
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Вирустар саясатқа араласқанда», «Шағыстырушылар кеңесі: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) мүшелері және “қордай қақтығысы”», «Үш себеп: Теңге неге бір күнде құламайды?», «Ресей мен Түркия соғыс алдында тұр».

2 696 просмотра

FORBES.KZ  «Вирустар саясатқа араласқанда» - ОКСФОРД – Коронавирус жаңалықтарда жаппай жарық көргенге дейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасы әлем 50-80 миллион адамды өлтіруі, үрей мен тұрақсыздық тудыруы және әлемдік экономика мен саудаға елеулі әсер етуі мүмкін "тез дамып келе жатқан, респираторлық патогендердің вирусты пандемиясына" дайын емес деп ескертті.

«Путиннің әдеттегі күдіктілері» - Ресей президенті Владимир Путин өткен айда үкімет пен конституциялық құрылымды қайта жаңарту туралы бастаманы қолға алды, қалай болған күннің өзінде де ол 2024 жылғы президент сайлауынан кейін де биліктен кетпек емес

CAMONITOR.KZ. «Шағыстырушылар кеңесі: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (ҰҚСК) мүшелері және “қордай қақтығысы”» - Қордай трагедиясы он адамның өмірін қиып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне, ол қай тілде сөйлесе де, қандай құдайға табынса да, өте ауыр тиді. Бірақ біздің «біріккен ұлттар» еліміздің есігін қаққан қайғы-қасірет осы елді мекендеп, ұлтаралық достығын мақтан тұтқан халықтарды ортақ қайғымызда біріктірмеді. Тіпті, керісінше, төгілген қанның иісінен біздің арамызда нағыз ұлтшылдық қызбалылыққа ұшырағандар аз емес болып шыққандықтан осы қасірет бізді бөліп, баррикадалардың екі жағына қойды. 

AZATTYQ.ORG  «"Түрмеден босатылсын". Сот Мұхтар Жәкішевтің өтінішін қанағаттандырды» - Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атайтын Мұхтар Жәкішевтің шартты жазамен мерзімінен ерте қамаудан босатуды сұрап жазған үшінші өтінішін сот қанағаттандырды. Прокурор он жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырған тұтқынды босатуға қарсы болды.

«Қытай ұйғырларды әлемдік брендтермен серіктес фабрикаларда жұмысқа жеккен» -Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғырларды әлемге танымал брендтер өнімін шығаратын фабрикаларға мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберген. Бұл туралы Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) есебінде айтылады.

NEGE.KZ «Үш себеп: Теңге НЕГЕ бір күнде құламайды?» - Көктемнің алғашқы күндері - сарапшылардың "теңге құлай ма?" деген біркелкі сарындағы прозаларынан басталды. Коронавирустың лаңы мұнай секторын тізерлетіп, Қытайдағы өндірісті тұралатқаны да отқа май құйып отыр. 

«Ресей мен Түркия соғыс алдында тұр» - Сыртқы күштердің сан түрлі мүддесі тоғысып, көкпардың серкесіне айналған Сирия тағы үлкен соғысқа түрткі болуы ғажап емес. Түркия мен Ресей әскерилері қазір майданда бет-бет келіп қалды. Бір ғана қаңғыған оқтың кесірінен Еуропаның екі қуатты әскері қан-жоса ұрысқа қойып кетуі бек мүмкін.

365INFO.KZ  «Қазақстанда кім көбірек несие алады?» - Көптеген сарапшылар «халық несиеге белшесінен батты» деген пікір – жай ғана аңыз деп есептейді.


3 наурыз 2020, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.