Атырау, 18 сәуір 10:36
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Митинг күні полиция көше мен алаңды жауып, белсенділерді топтап ұстады», «Билік неге саяси қозғалыстардан қорқады?», «Ирандағы коронавирус. Науқас депутат, айнымалы статистика», «Белсенді өлімінен кейінгі ашу-ыза және биліктің қорқынышы».

2 601 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Митинг күні полиция көше мен алаңды жауып, белсенділерді топтап ұстады» - Оппозициялық топтар "митинг өтеді" деп жариялаған көктемнің алғашқы күні бірнеше қалада ондаған белсендіні полиция ұстады. Әкімдік ғимараттары мен алаңдарда күзет күшейіп, интернет байланысы нашарлады. 

«Ирандағы коронавирус. Науқас депутат, айнымалы статистика» - Қазақстан наурыздың 1-інен бастап Иранға әуе қатынасын уақытша тоқтатады. Иранда коронавирус жұқтырған жүздеген адамның арасында депутаттар, түрлі дәрежедегі шенеуніктер мен діни қайраткерлер бар, алды опат болды. Mahan Air әуе компаниясы тыйымға қарамастан дерттен екі мыңнан астам адам мерт болған Қытайға тұрақты рейсін тоқтатпағаны анықталды.

«Белсенді өлімінен кейінгі ашу-ыза және биліктің қорқынышы» - Халықаралық ақпарат құралдары осы аптада үкіметке қарсы наразылық акциясы кезіндегі жаппай ұстаудың елдегі саяси жағдай мен 2021 жылға жоспарланған парламент сайлауына әсерін талдады. Бұған қоса астаналық тергеу изоляторында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің өлімінен кейінгі елдегі ахуалды талқылады.

«Коронавирус жылдам тарап барады. Қазіргі жағдай жайлы 20 дерек» - Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирус қазір әлемнің 50-ден астам еліне тарады. Олардың қатарында Беларусь, Әзербайжан, Грузия бар. Иран, Италия, Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны көбейіп барады. Қазақстан денсаулық сақтау министрі де вирусқа қатысты мәлімдеме жасады. 28 ақпандағы жағдай бойынша 20 дерек ұсынамыз.

NEGE.KZ «Облыс әкімінің орынбасарына қатысты іс басқа сипат алуы мүмкін» - Өткен аптаның аяғында Nege.kz порталында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты мақала жарияланған. Онда редакцияға хабарласқан ақпарат көзінің «облыс әкімінің орынбасары Р.Мамуновты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «пара алды» деген күдікпен ұстағаны» жайлы дерегі айтылады. Мұны бірқатар БАҚ көшіріп басты.

«21 жыл бұрын адам өлтірген қылмыскер жазадан қалай құтылды?» - 21 жыл бұрын кісі өлтіріп, марұмның мәйітін өз ауласында жасырып келген қылмыскерді сот ақтап шықты. Жуырда Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқаратын Кенжеғали Кенжебеков қылмысын толық мойындаған Есмағамбет Тілеужановты сот залынан босатқан болатын. Ал судьяның шешіміне наразылық танытып, апелляцияға шағымданған жәбірленуші тарап бұл қылмыстық іс бойынша көптеген адамдардың жауапқа тартылуы қажет екенін айтады.

QAZAQTIMES.COM. «Шындық детекторы: Еуропарламент пен БҰҰ-ға есеп берген Қазақстан билігінің кезекті “утопиялық мәлімдемесі”» - Осы аптада Қазақстан билігінің халықпен диалог орнатудағы әрекеті шындап сынға алынатын екі ірі дата бар. Олардың бірі – БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі отырысы болса, екіншісі – Еуропарламент өкілдері қатысатын Қазақстан – Еуроодақ парламент аралық ынтымақтастық комитетінің отырысы. Екі жиында да ел алдында есеп беретін қазақстандық делегацияның мәлімдемесі кезекті мәрте «утопиялық деректермен» толыққан сыңайлы. 

«Үкімет мемлекеттік тілге «монитордан» орын беруге неге қиналады?» - Елдегі атқарушы билік қызметін жүзеге асырушы, 17 министрлік пен үш өкіл, бір премьер-минситрден тұратын Қазақстан үкіметінің отырысында үнемі орыс тіліндегі презентация құжаттары ұсынылады. Неліктен? 

ABAI.KZ. «Билік неге саяси қозғалыстардан қорқады?» - Билік қазақ тілді қозғалыстардан әм егер құрыла қалса, түбіне жетететін қазақ тілді тәуелсіз кәсіподақтан зәресі кете қорқады. Осы қозғалыстардың және кәсіподақтың болмауына ең алдымен РФ Орталық Азиядағы орыс барлауы мүдделі. Интернетті Ресей мүддесін көздейтін тапсырыспен жазылған материалдар басып кетті. Оларға ОА автохон ұлттарының мүддесін аяққа басып комент жазатын троллдер тобы пайда болуда. 


2 наурыз 2020, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.