Гүлнәр Кәрімова бостандыққа шығу үшін 686 миллион доллар төлеуге дайын

927 рет қаралды


Түрмеге жабылған Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімова мемлекеттің қазіргі басшысы Шавкат Мирзиеевке ашық хат жазды. Өзінің хатында ол бостандыққа шығуы үшін 686 миллион доллар төлеуге дайын екендігін жеткізіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл хатты оның Лондонда тұрып жатқан қызы Иман Кәрімова Instagram парақшасында жүктепті. 

Экс-президенттің қызының сөзінше, ол түрмеден түрмеге көшіп жүруден шаршапты. Бұған қоса ол тергеу амалдары кезінде заңбұзушылықтар орын алып жатқандығын ашып жазыпты. Кәрімова оған және оның балаларын тиесілі сомасы 1,2 миллиард долларды құрайтын активтердің тәркіленуіне қарамастан, ол келтірілген материалдық шығынды өтеу деп саналмағандығын айтып кетіпті. 

"Өзімнің отбасым мен денсаулығымды сақтап қалу үшін дұрыс шарттар орындалатын болса, мен Швеццарияда біздің отбасымызға тиесілі ең соңғы қалған ақшамызды - 686 миллион долларды мемлекетке аударуға дайынмын", - депті Кәрімова. 

Сондай-ақ ол соңғы кездері оның жағдайы ауырлап кеткендігі мен бірнеше отадан өту қажеттігін айтыпты. 

Бұған дейін Гүлнәр Кәрімованың ұлы Ислам Кәрімов те президенттен көмек сұраған еді. Ол Өзбекстан басшысын өзінің атасының шәкірті деп атап, анасын босатуды өтінген. 

47 жастағы экс-президенттің қызы бірінеше қылмыс жасағаны үшін айыпталып, Ташкенттегі түрмеде жазасын өтеп жатқан сыңайлы. Оған қарсы қылмыстық іс тек Өзбекстанда ғана емес, сонымен қатар АҚШ-та және Еуропаның бірқатар елдерінде қозғалыпты. Кәрімова үлкен сомада ел бюджетіндегі қаражатты қалтасына басқаны үшін кінәлі деп табылған. 

Дереккөз: Stan.kz

26 ақпан, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.