Атырау, 20 сәуір 00:32
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстандық қолданушылар Telegram-ға кіру қиындағанын айтады

2 160 просмотра


Қазақстанда интернет қолданушылар 13 ақпан кештен бастап Telegram мессенжеріне кіру қиындағанын айтып жатыр.

Азаттық тілшісі сөйлескен қолданушылар 13 ақпан кештен бастап Telegram мессенжері ашылмай қалғанын жеткізді. Олардың сөзінше, Telegram қазір де ашылмай тұр. Қолданушылардың көбі бұл месенжерге VPN көмегімен кіріп жатқандарын айтады.

Қазақстан цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі; ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram месенджерінің ашылмай қалғанына қатысты қандай да бір пікір білдірген жоқ.

Қазақстандық қолданушылар елде Facebook, Youtube, Telegram, WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерге кіру қиындап кететінін айтып, жиі шағымданады. Елде қандай да бір наразылық шаралары кезінде, қоғам назарын аударған биліктің мәлімдемелерінен соң әлеуметтік желілердің жұмысында ақау болады.

Қазақстан билігі осыған дейін бірнеше рет «желідегі, интернеттегі ақауларға қатысымыз жоқ. Қолданушылар саны өскен сайын техникалық ақау жиі болады» деп мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы


14 ақпан 2020, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.