Атырау, 29 наурыз 03:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Каспий тартылып барады

7 256 просмотра


«Қазгидромет» РМК сайтында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің космостан түсірілген суреті жарияланды. Суретте судың деңгейі төмендегені байқалады.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес 2020 жылдың 6-11 ақпан күндері болжам бойынша Орта есеппен, Каспийде теңіз деңгейiнiң тербелiсi минус 28,29 м шамасында, ең жоғарғы белгісі минус 28,03 м және ең төменгі минус 28,72 м болуы мүмкін. Пешной, Жанбай, Құлалы аралы және Итбалық аралы (Росгидромет) теңіз стансалары мен қосындарының жедел ақпараттары бойынша теңіздің орташа деңгейі минус 28,16 м сәйкес болған.

Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Росгидрометтің (Махачкала ТГ) жедел мәліметтері бойынша Каспий теңізінің деңгейі терең жерінде минус 28,27 м, ең жоғарғы деңгейі минус 28,01 м, ең төменгі минус 28,77 м (балтика жүйесімен есептелген) белгілерінде болады.

Біз «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалына жолықтық. Бұл деңгей көп жылдан бері сақталып келеді, мұндай суреттер екі аптада бір рет жарияланып тұрады деп түсіндірді гидрологтар. Бұл жерде ешқандай ерекшелік жоқ, су деңгейінің желқумалары мен бөгеттері көрсеткіштерінің ауытқуларына жел мен атмосфералық қысым әсер етеді.

Десек те, біз соңғы жылдары теңізге құятын екі негізгі өзен Жайық пен Еділдің тартылуына байланысты теңіздің деңгейі төмендеп кеткенін де жоққа шығара алмаймыз. Кейбіреулер бұған мұнай компанияларының да әсері бар деп ойлайды.  

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

NASA-ның суреті

13 ақпан 2020, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.