Атырау, 25 сәуір 19:20
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Путин Лукашенконы держава құруға көндірмек болған

3 169 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президентін екі мемлекетті біріктіріп, держава құруға бірнеше рет көндірмек болған. Бұл туралы Кремльдегі дереккөзге сілтеме жасап Bloomberg басылымы жазды.

Агенттіктің мәліметі бойынша, бұл жоспарды президенттер былтыр желтоқсан айында талқылап, келісімге келе алмаған. Ал ақпан айында Сочиде президенттердің кездесуінде Лукашенко ұсынысты қабылдамай, қарсы шыққан. Агенттікке ақпарат бергендердің айтуынша, Путин президенттіктен кеткеннен кейін жаңа одақ басшысы ретінде билікте қалғысы келген.

Bloomberg мұндай жоспар барын 2019 жылы наурыз айында да жазған болатын. Ал РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Лукашенкоға мұндай ұсыныс айтпағанын мәлімдеген.  

«Олар одақтық интеграция туралы сөйлескен емес», - деді Кремльдің ресми өкілі.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

13 ақпан 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.