Атырау, 23 сәуір 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«"Суицид жасауы мүмкін емес". Кәсіподақ басшысының жұмбақ қазасы», «"Бір белдеуге" өзгеше көзқарас. Қытайдың Қазақстандағы мүддесі жайлы сарапшы пікірі», «Помпео Ташкенттің адам құқықтары саласындағы "прогресін" құптады».

2 130 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Қызыл террор құрбаны. Иван Завадовскийдің тарихы» - Сталин билігі тұсында Сібірден Ақтөбеге жер аударылып, кейін "халық жауы" ретінде атылған Иван Завадовскийдің фотосуреттері мен құжаттары шөбересінің қолына тиді. Ұрпағы бабасының тағдыры отбасына 90 жыл бойы беймәлім болғанын айтады.

«"Суицид жасауы мүмкін емес". Кәсіподақ басшысының жұмбақ қазасы» - Жезқазғандағы кәсіподақ ұйымы басшысының қазасынан соң тергеу органдары "кісі өлтіру" және "суицидке жеткізу" деген екі жорамал бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Мыс кен орындары мен өндірістік кәсіпорындарға иелік ететін қаладағы негізгі жұмыс орны – "Қазақмыс корпорациясы" серіктестігінің кеңсесінде болған қайғылы оқиға жайлы болжам мен долбар көп.

«Помпео Ташкенттің адам құқықтары саласындағы "прогресін" құптады» - АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Өзбекстанды "адам құқықтары мәселесіндегі прогресі" үшін мақтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасқа "тамаша әріптестік" деген баға берді. Құқық қорғаушылар ұзақ уақыт авторитарлы биліктің теперішін көрген елдегі адам құқықтары мен бостандықтарының жайына әлі де алаңдайды.

«"Бір белдеуге" өзгеше көзқарас. Қытайдың Қазақстандағы мүддесі жайлы сарапшы пікірі» - Америкалық зерттеуші Джонатан Хиллман "Пекиннің "Бір белдеу - бір жол" жобасы қытай компанияларына едәуір пайда әкелгенімен, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға көмектеспеуі мүмкін" деп санайды.

INFORMBURO.KZ. «"Қатерлі ісіктен жазылуға болады". Обырды жеңген 4 жанның әңгімесі» - Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар үлесі көбейген. Санайғақ келтірейік. Жыл сайын елімізде 36 мыңға жуық адам онкологиялық ауруларға шалдығады. Одан көз жұматындар саны 14 мыңнан астам. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 180 мыңға жуық қазақстандық тұр.

«Дін атын жамылған теріс ағымдар туралы» - Соңғы кезде радикалды діни ағымдардың іс-әрекеті қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр. Саясаттанушы Расул Жұмалы оның себебіне үңілді.

365INFO.KZ  «Қырғызстанның мамандары сыртқа кетіп жатыр. Елдің болашағы қандай болмақ?» - Қырғызстан еңбек ресурстарын импорттайтын әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі. Шетелге жұмыс істеуге кеткендер отбасыларына миллиардтаған доллар жіберіп жатыр. Мигрантардың басым көпшілігі Ресейді таңдайды.   

«Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша мемлекеттің қарызы 43 млрд АҚШ долларынан асып кетті» - 2019 жылдың соңғы тоқсанында Қазақстанның мемлекеттік қарызы айтарлықтай артты. Бір қызығы Ұлттық банк мемлекетке қарағанда көбірек қарыз алған.


5 ақпан 2020, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.