Атырау, 29 наурыз 01:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырауда ”Сергек” полицияның жақсы көмекшісі бола алады»

Сурет
3 799 просмотра


«Көркем-Телеком» ЖШС Атырауда 2748 «ақылды» "Сергек" камерасын орнатуды жалғастыруда. Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жүйе наурызда іске қосылады. Адамдарда бұған қатысты сұрақтар әлі де бар.  Толығырақ «АЖ» материалында.

Айыппұл туралы хабарлама алған жүргізуші ондағы көрсетілген телефон арқылы қоңырау шалып, полиция қызметкерінен кеңес ала алады. Егер ол салынған айыппұлмен келіспесе, «Сергек» процессингтік орталығына барып, онда оған қозғалыс қағидасын бұзу бейнежазбасы көрсетіледі. Егер ол одан кейін де келіспеген болса, сот арқылы шешіледі. Айыппұл салынғаны туралы  «бақыт хаты» жүргізушілерге пошта арқылы жеткізіледі. Бірақ енгізілген түзетулердің күшіне енгеніне қарағанда, енді қағаз хабарламаға теңестірілген sms ұялы телефонға келеді.

- Егер бұрын айыппұл төлеу жөніндегі ұйғарым пошта арқылы жіберілген болса, енді 16 қаңтардан бастап күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістерден соң хабарлама абоненттік нөмірлерге жіберіледі, - деп хабарлайды ҚР ІІМ. - Әрбір азамат нөмірін электрондық үкімет порталында көрсетеді. Егер айыппұлды 7 күн ішінде төлеп болса, 50% жеңілдік алады.  

«АЖ» «Көркем Телеком» ЖШС баспасөз қызметіне бірнеше сұрақтар қойды.

- Алдымен әңгімені жемқорлықтан бастайық, онсыз бізде мүмкін емес қой. Оператор немесе полиция қызметкері «Сергек» жүйесінен құқықбұзушылықты қолмен жоя ала ма?

- "Сергек" кешені автоматты түрде тіркеп отырған әрбір бұзушылық бірден Бас прокуратура жүйесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жүйесіне түседі. Бұзушылықты өшіріп тастау үшін полиция қызметкері өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасын қолдануға тиісті, оны прокуратура қызметкері де көреді.   

- Айыппұлдан түскен ақша қайда кетеді? 

- Түскен ақша біздің ЖШС қалтасына кетеді деген қауесет шындыққа жанаспайды. ҚР «Бюджет кодексі» заңының 50 және 51 бабына сәйкес айыппұлдар, өсімпұлдар мен мемлекеттік мекемелер салатын басқа да төлемдер бюджетке түседі. Біздің жағдайда бұл жергілікті бюджетке, яғни, Атырау бюджетіне түседі.



- Әлеуметтік желілерде «Сергектің» сақтандыру құжаты жоқ екенін және белдікті тақпағандығы үшін автоматты түрде айыппұл  салатындығы туралы жазылып жатыр. Ол солай ма? 

- Сақтандыру құжатының жоқ екендігін тек аттестациядан өткен полиция инспекторы анықтай алады. Дерекқорлар базасының біріктірілуінің арқасында бұл ақпарат полицейлерге мобильді планшеттер арқылы қолжетімді. «Сергек» өз кезегінде автоматты түрде жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) мынадай бұзушылықтарын анықтайды: жылдамдық режимін арттыру, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кету, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын бұзу, транспорт құралдарының тоқтау немесе тұрақ ережелерін бұзу. Бұзушылықтарды автоматтық режимде тіркеуден басқа, «Сергек» камераларынан деректерді үнемі оператор қарап отырады ол басқа да бұзушылықтарды қолмен тіркей алады. Мәселен, қауіпсіздік белдігінің тағылмауы немесе рөлде телефонмен сөйлесу.

Жалпы «Сергек» - полицияға жақсы көмекші. Айталық көлікті ұрлап кеткен жағдайда біздің камералар кез-келген көлікті тауып бере алады. Жүйе функционалы жедел-алдын алу шараларын жүргізуге және іздеуде жүрген автокөліктерді тоқтатуға, алименттер мен айыппұлдарды төлеуден қашып жүргендерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Сергек» жалған және шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді анықтайды. Камералар тек жолдағы қауіпсіздікті ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікті де қамтамасыз ететінін ұмытпаған жөн. Нұр-Сұлтан, Өскемен және Атыраудағы жобалардың үлкен бөлігін жалпы бақылау камералары және басқа бақылау камераларының жүйесімен біріктірілген камералар құрайды. «Сергек» камералары мектеп маңдарына, аулаларға, адамдар көп жиналатын жерлер – сауда орталықтары, вокзал және басқа да жерлерге орнатылған. «Сергек» кешеніндегі шолу камералары жолдағы жүргінші жолды ғана көрмейді, қаладағы қоғамдық қауіпсіздіктікті де бақылап отырады.

- Автоәуесқойлар жүйе айыппұлдарды автоматты түрде жазып береді деп ойлайды.

- Бұл да аңыз. Иә, «Сергек» ЖҚЕ бұзылуын автоматты режимде тіркеп отырады. Одан кейін мәліметтер процессингтік орталыққа беріледі, онда оны полиция инспекторы қарайды, өзінің ЭЦҚ қояды,  содан кейін ғана тәртіп бұзушыға ұйғарымды жібереді.

- «Сергектің» адамдардың бет әлпетін айыратыны рас па?

- Жоқ, өтірік. Компанияның техникалық мамандары мұндай функционалды істеуі мүмкін. Бірақ әзірге адамдардың бет бейнесін тану заңнамамен реттелмеген. Сондықтан да іс жүзінде қолданылмайды.

- «Сергек» камераларының жөндеуіне кім жауап береді?

- «Сергек» кешенді аппаратты-бағдарламалық қызмет көрсету АБҚ барлық модулдерінің жұмыс істеу қабілеттілігіне,  камераларды тазартуға қолдау танытады. Егер камера істен шықса, мамандар оны жөндеу үшін  немесе пайдаға асыру үшін ауыстыратын болады. Компанияда барлық қажетті қосалқы бөлшектер жиналған қойма бар.

- Мына бір мәселені талқылап көрелік: «Сергек» операторы қала орталығында екі желікпе жүргізушінің жарыс ұйымдастырғанын көрді. «Сергек» жылдамдықты асырғанын тіркеп алды. Ал жарыс кезінде оператор ол туралы полиция қызметкеріне хабарлай ала ма?

- Иә, олар бұл туралы полицияға жедел түрде хабарлай алады. 

Фархат ӘБІЛОВ

Автордың инфографикасы

23 қаңтар 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.