Асылып қалған қыздың денесі жуынатын бөлмеде табылды.
Оңтүстік Кореядан 29 жасар қазақстандық әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашовқа сілтеме жасап.
"Қалалық полициядан алынған ақпаратқа сәйкес, оның денесі жуынатын бөлмеде асылып тұрған жерден табылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның туыстарына барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетеді", - деді Алмашов.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, марқұм Орал қаласының тұрғыны болған.
Дереккөз: Today.kz