Атырау, 29 наурыз 16:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақтауда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

2 322 просмотра


Маңғыстау облысы аумағында көптен бері синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 09: 30-да Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде Алматы қаласының тумасы екі ер адамды ұстаған. 

«Тінту кезінде олардан жалпы салмағы жарты келіге жуық 240 дана шағынй пакеттерге салынған синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-химиялық сараптама тағайындалды»,-делінген хабарламада.


Дереккөз: Inform.kz

17 қаңтар 2020, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.