Атырау, 24 сәуір 21:31
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда жылу желісі тірегінің бүлінуіне байланысты орталық көпір жабылды

Толықтырылды Сурет
4 772 просмотра


10 қаңтарға қараған түні полиция орталық көпірдегі көлік қозғалысын тоқтатты. Бұған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВТАН ТЖД мен қала әкімінің міндетін атқарушы Ринат ЖАНГЛИШОВКЕ жолданған шұғыл хабарлама себеп болды.  

«Тексеру барысында орталық көпірдің астыңғы тіреуімен өтетін диаметрі 426 мм жылу желісінің сырғымалы тірегінің орнынан ығысқандығы анықталды.  Соңғы екі күн ішінде жылу желілерінің құрылымы мен тірегінің бүлінуі нәтижесінде ығысу 70 мм  құрап отыр және бұл үдеріс әлі жалғасуда. Жарылып кетудің алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 10.01.2020 күні 00.00 сағаттан бастап көпірдегі автокөлік қозғалысын тоқтатуды сұраймыз».  


Желінің ығысып кетуіне не себеп? Бұл ақаулар неліктен қысқа дайындық кезеңінде анықталмаған? Көпір қашан ашылады?

«АЖ» қойған бұл сұрақтарға Шамшатов жауап беруден дөрекі түрде бас тартты. Алайда ол өткен жылдың қазан айында болған баспасөз-туры барысында қысқа дайындық толық орындалды деп сендірген болатын.

10 қаңтар сағат 11.50-дегі жағдай бойынша көпір  тек жаяу жүргіншілер үшін ғана ашық. 

Қала әкімінің міндетін атқарушы Ринат Жанглишов АЖ тілшісіне көпір астындағы жылу жүйелері ескіргендіктен ығысып кеткен деп хабарлады.

-Жылу жүйелері қалыпқа келтірілгенше көпір жабық болады. Көпірдің құлап кетуіне еш қауіп жоқ, - деді Жанглишов, - Көлік қозғалысы қиындап кетпес үшін жұмыстар аяқталған бойда көпірді ашуға нұсқау беремін. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 қаңтар 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.