Атырау, 20 сәуір 02:25
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

БҚО-да 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды

2 817 просмотра


Батыс Қазақстан облысында 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 қаңтар күні Орал қаласына қарасты «Сарытау» шағынауданы маңында болды. Патрульдік полиция қызметкерлері шамамен сағат 05.40-та 1986 жылғы оралдық тұрғын айдаған «Lexus» автокөлігін тоқтатты. 

Көлікте 1985 жылғы жолаушы да болған. Автокөлікті қараған кезде тиісті құжаттары жоқ 1 тоннадан астам қара балық тәркіленді. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 

Айта кетейік, 6 қаңтар – 5 ақпан аралығында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Дереккөз: Inform.kz

8 қаңтар 2020, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.