Атырау, 29 наурыз 02:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстан мен Иран сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

2 091 просмотра


Қазақстан мен Иран cыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 5 қаңтарда Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Иран СІМ басшысы Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.

Министр Тілеуберді өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді.

Ол барлық тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай ирандық арнайы бөлімнің генералы Касем Сүлеймени өлтірілгеннен кейін нашарлаған. Ол өткен жұмада Америка Құрама Штаттарының Бағдад әуежайына жасаған зымыран соққысы кезінде қайтыс болды.

Осыған дейін де АҚШ пен Иран ұзақ уақыт қақтығыс жағдайында болған.

Сарапшылардың пікірінше, Тегеранда Сүлейманиге жасалған қастандық исламдық жүйе жұмыс істеп тұрғанша есте болады.

Иран басшылығы АҚШ-тың қызыл сызықты кесіп өткенін айтты. Елдің жетекшісі аятолла Али Хаменеи аға әскери адамды өлтіргені үшін Америкадан кек алатынын айтып, қорқытты және елде 3 күндік аза тұту жарияланды.

Дереккөз: Nur.kz

6 қаңтар 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.