Атырау, 24 сәуір 16:57
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ұлттық кеңес үмітті ақтады ма?», «"Өз еркімен кетудің шарты бар". Тасмағамбетовті енді не күтеді?», «Біздің ақшамызға күнелткен ұлттық кеңес жарты жыл ішінде ештеңе бітірмеді», «Еуропа елдері АЭС-тен бас тартпақ, Қазақстан ше?».

4 360 просмотра

DALANEWS.KZ.  «Айдос Сарым: “Бес заң ырыққа көнсе, дұрыс сайлау өтіп, саяси бәсекелесіткке жол ашылады”» - Нұр-Сұлтан қаласында президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа президент Қ.Тоқаев қатысты. Кеңес мүшелері бұған дейін бірнеше жұмыс тобына бөлініп, сол бағытта жұмыс істей бастағаны мәлім. Отырыста саяси реформалар тобынан саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым баяндама жасады. Төменде саясаттанушының баяндамасын араша кз сайтында жарияланды.

AZATTYQ.ORG  «"Өз еркімен кетудің шарты бар". Тасмағамбетовті енді не күтеді?» -Советтік комсомол жетекшісі, тәуелсіз Қазақстанда авторитарлы биліктің орнығуына атсалысып, әкім, министр, премьер-министрге дейін өскен Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толысымен мемлекеттік қызметтен босатылды. Кей сарапшылар саяси амбициясы бар зейнеткерді билік өзіне жақын ұстауға тырысады деп санайды.

«Ұлттық кеңес үмітті ақтады ма?» - Желтоқсанның 20-сы күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық кеңестің жиыны өтті. Тоқаев жиналыста бейбіт митинг өткізу тәртібі, партия тіркеу ережесі өзгеретінін айтты. Кейбір белсенділер Тоқаевтың айтқандары «косметикалық сылап-сипау» десе, кеңес мүшелері «реформаға қадам» деп санайды.

«"Қытайдан қаштым" деген тағы бір қазақ босқын мәртебесін сұрайды» - "Қытайдан Қазақстанға қашып келдім" деген тағы бір этникалық қазақ Нұр-Сұлтаннан босқын мәртебесін сұрайды. Көші-қон полициясы Шыңжаң қазағының босқын мәртебесін сұраған өтінішін қабылдап алғанын растады.

QAZAQTIMES.COM. «Еуропа елдері АЭС-тен бас тартпақ, Қазақстан ше?» - Еуропа елдері ядролық энергетикадан бас тарту процесін бастады. Швейцарияда 47 жылдан бері жұмыс істеген Мюленберг атом электр станциясының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

«Кеңес мәтініне талдау: Тоқаевтың кезекіті мәлімдемесі және ондағы мемлекеттік тілге көзқарас» -  ҰҚСК-нің екінші отырысында мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, жаңа саяси бастамалардың тетігін ұсынды. Президент Тоқаевтың баяндамасында қамтылған мәселелер мен Ақорда тілмаштарының мемлекеттік тілге немқұрайлы қатынасына бойлап көреміз. 

QAMSHY.KZ.  «Біздің ақшамызға күнелткен ұлттық кеңес жарты жыл ішінде ештеңе бітірмеді» - 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлтық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Бір сағатқа созылған жиынға БАҚ өкілдері қатыстырылған жоқ. Олар кеңес отырысын басқа бөлмеге орнатылған монитордан бақылаған.

«Заманбек Нұрқаділовтың Тоқаев туралы айтқан шындығы» - Иә, ол астын сызғандай ап-анық атаған Тоқаев президент болды. Ал Заманбек Қалабайұлының Қасым-Жомарт туралы айтқан бір ауыз сөзі көп санасынан көп қағыс қалғаны рас. Себебі, ол сол кездегі биліктің қоясын қотарып тастаған. Тұп-тура тұғыш президентке жазған ашық хат болатын.


23 желтоқсан 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.