Атырау, 20 сәуір 05:10
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Түркістанда мұғалім әжетхананы күзетпегені үшін ұсталды

Бейнежазба
5 596 просмотра

Түркістанда сырттағы әжетхананы күзетпегені үшін №15 мектеп мұғалімі ұсталды. Бұл туралы ақпаратты құқыққорғаушы Айгүл Орынбек өзінің Facebook  парақшасында жариялған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.


Құқық қорғаушы мұғалімнің ұсталған сәтінен бастап видео жариялаған. Кадрдан полиция мұғалімді қоршап алғаны, содан кейін оны көлікке отырғызғаны көрінеді.


Айгүл Орынбек парақшасына бұдан басқа мектеп директорының түсініктемесін де жариялаған.



Бұл жағдайға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбет пікірін білдіріпті.

«Түркістан қаласындағы №15 мектептің мұғаліміне қатысты орын алған оқиғаға ұқсас жағдайларға мүлдем жол берілмеуі тиіс.

Білім және ғылым министрлігі тарапынан бұл мұғалімді қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, аталған оқиғаға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуды талап ететін боламыз. Оның ішінде, мектеп әкімшілігі мен білім бөліміне де қатысты.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санаймын. Егер осындай фактілер қайталанатын болса, қатаң шаралар қолданылатын болады.

Орын алған жағдайдың себептерін жан-жақты түсіну үшін мұғаліммен телефон арқылы сөйлестім. Жағдай менің жеке бақылауымда", дейді министр.

14 желтоқсан 2019, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.