Атырау, 20 сәуір 11:23
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ресей президенті ЕАЭО азаматтарының зейнетақысы туралы келісімді мақұлдады

2 770 просмотра


ЕАЭО тұрғындары үшін бірыңғай зейнетақы туралы Еуразиялық комиссияның келісімі ұйымның кез келген елінде жұмыс өтілін есепке алуды қарастырады.

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағында жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдады, деп жазды РИА Новости.

Келісім жобасына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет зейнетақы құқығын өз заңнамасына сәйкес және өз аумағындағы еңбек өтіліне қарай анықтайды.

Егер бұл еңбек өтілі зейнетақы алу үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ға мүше елдердің әрқайсысының заңнамасына сәйкес, осы мемлекеттердегі жұмыс өтілі ескеріледі.

Сонымен қатар, келісім жобасының ережелеріне сәйкес, мүгедектікті анықтау үшін жұмыскерді медициналық тексеруден өткізу қызметте болған елдің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Мүгедектіктің тобы, мерзімі және себебі туралы шешімді заңға сәйкес зейнетақы тағайындалатын және төленетін елдегі медициналық-әлеуметтік сараптама органы қабылдайды. Қажет болған жағдайда, ЕАЭО-ның басқа мүшелерінің тиісті мекемелері берген анықтамалар мен медициналық қорытындылар қабылданады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

14 желтоқсан 2019, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.