Атырау, 29 наурыз 13:49
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Трамп Ресейге АҚШ-тағы сайлау процесіне араласпауды ескертті

2 858 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеуге АҚШ-тағы сайлау процесіне араласпауды ескертті және Ресейді Украинамен қарым-қатынасты реттеуге шақырды. 

10 желтоқсанда Вашингтондағы Дональд Трамп пен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінен кейін Ақ үй таратқан мәлімдемеде осылай деп жазылған.

Ақ үй хабарламасына сәйкес, Трамп "қарулануды әлем болып тиімді басқару саясатына" қолдау білдірген. Ол Мәскеуді АҚШ-тың ядролық қару жасауға жол бермеу талпынысын қолдауға шақырып, Корей түбегін қарусыздандыруға атсалысуға үндеген.

Париждегі "норман төрттігі" саммитінен кейін бір күн өткеннен кейін Лавров Вашингтонға барып отыр.

10 желтоқсанда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сергей Лавровпен кездескен. Екеуі де АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа кедергі келтіретін маңызды сұрақтарды қозғауға ынта білдірмеген. Олар халықаралық және екі мемлекет қарым-қатынасына байланысты бірқатар мәселелерді атап айтқанда, Солтүстік Кореяны ядролық қарудан арылту, Венесуэладағы биліктің ауысуы, Украинадағы бейбітшілік және Ресейдің 2016 жылғы АҚШ-тағы сайлауға араласуы және өзге мәселерді талқылаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы


11 желтоқсан 2019, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.