Атырау, 29 наурыз 19:28
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Путин мен Зеленскийдің кездесуі: Негізгі мәселелер шешілмеді

2 713 просмотра


Париж қаласында өткен "Норманд Форматы" келіссөзі ең негізгі мәселелерді шеше алған жоқ. Бірақ Ресей мен Украина арасында жыл соңына дейін тұтқындарды босату туралы келісім жасалды және төрт ай ішінде төрт елдің лидерлері қайыра кездесуге уәделесті.  

Кездесуде шекара бақылауын Украинаға беру, шығыс аймақтарда сайлау өткізу және Ресей газын Украинадан өткеру сынды негізгі мәселелер шешімін таппады. Бірақ, Франция мен Германия басшылары кездесудің бітімгершілік бағыты басым, "зор үміт бар" деген бағаларын берді. Зеленский кездесу туралы пікірінде: "Біз Ресеймен диалогты жандандырдық, бұл – жақсы факт", – деді. Ал, Ресей президенті Путин болса: "Қандайда бір жұмсарғандық бар ма? Менше бар" – деген. "Норманд Форматы" үш жылдан бері алғаш рет өткізіліп отыр, сондай-ақ бұл, Зеленский мен Путин арасындағы да алғашқы ресми кездесу. Бұл рет келіссөз Украина шығысындағы қайшылықты шешу мақсатында өткен болатын. Көп жақты пікірлердің болжағанындай бұл шиеленістер бір реткі келіссөзде шешім таба қойған жоқ. Бірақ, сарапшылар Париж келіссөзі Ресей-Украина арасындағы келіссөзге жол ашты деп бағалап отыр.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

10 желтоқсан 2019, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.