Атырау, 19 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Димаш Құдайберген Ресейде жыл әншісі атанды

3 262 просмотра


Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Ресейде "Жылдың ең үздік әншісі" атағына ие болды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін "Жыл әні" сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рақмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша қазақстандықтардың және барлық #dears-тардың құрметіне арнадым", - деп жазған Димаш Құдайберген. Еске салсақ, бұған дейін Димаш ресейлік "Виктория" музыкалық сыйлығында "Жыл ашылуы" және "Классикалық музыка орындауда жыл вокалшысы" номинациялары бойынша марапатқа ие болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін «Жыл әні» сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears тардың құрметіне арнадым. _________________________ Дорогие друзья,все вы знаете о том что 2 дня назад на национальной Российской музыкальной премии «Виктория» я выиграл в двух номинациях.Хочу поделиться с еще одной радостью,сегодня на легендарной премии «Песня года» я получил еще одну награду «Певец года России».Огромное спасибо Россия. Спасибо всем фанатам во всем мире.Люблю вас #dears.
Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Дереккөз: Tengrinews.kz


8 желтоқсан 2019, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.