Атырау, 28 наурыз 22:12
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Нұрсаяға арналған жабдықтар

3 628 просмотра


Мемлекеттік сатып алу сайтында арнайы техникаларды сатып алу бойынша өткізілген тендер туралы ақпарат жарияланды. 22,7 млн теңгеге самосвал, 39,4 млн теңгеге бульдозер және 140,8 млн теңгеге 2 «шаңсорғыш» машинасы сатып алынды. «АЖ» сауалына қала әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ бұл техниканың негізінен Нұрсая ықшам ауданын қамтитын «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не арналғанын хабарлады.  


- Бұл жабдық тұрғындардың тілектеріне орай сатып алынды. Сатып алынған жабдық «ТҮКҚК» ЖШС қажеттіліктері үшін және іргелес аумақты абаттандыру үшін пайдаланылады.

- "Арнаулы автобаза" ЖШС-де қанша «шаңсорғыш» бар?

- Төртеу, оның екеуі жұмыс істеп тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет


2 желтоқсан 2019, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.