AI: Ирандағы наразылықта 161 адам қаза тапқан

885 рет қаралды


Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымының есебінше, Ирандағы билікке қарсы наразылық кезінде мерт болғандардың саны 143 адамнан 161 адамға өскен.

“Сенімді ақпарат көздерінен алған деректеріміз бойынша, Ирандағы наразылықтан кем дегенде 161 адам мерт болды” деп жазылған AI таратқан мәлімдемеде.

Лондонда орналасқан ұйым “наразылық кезінде қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін” дейді.

Қарашаның ортасында Иран билігі елде бензин бағасын көтерген соң жаппай наразылық басталған. Кейін халық билікке басқа да талаптар қойды. Тегеран елде интернетті бұғаттап, ұялы байланысты шектеді.

Иран билігі наразылыққа шыққандардың көбін Батыс елдерінен ақша алған деп айыптайды. Ресми Тегеран наразылық кезінде тек оннан астам адам мерт болды деп отыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы


1 желтоқсан 2019, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.