Атырау, 24 сәуір 11:59
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ресейде автобус көпірден құлады: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

2 453 просмотра


Забайкальеде автобус көпірден құлап, он бес адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости өңірдің  шұғыл қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты жексенбі күні "Могойтуй – Сретинск – Олочи" автожолының 60 шақырымында болды. Автобустың ішінде 43 жолаушы отырған.

Басылымның ақпаратынша, автобустың алдыңғы доңғалағы жарылып, көлік Куенга өзеніне құлаған.

Қазір зардап шеккендер саны 18 адамға жетті, олардың алтауы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына екі тікұшақ пен криминалист тергеушілер жіберілді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

1 желтоқсан 2019, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.