Атырау, 29 наурыз 17:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Березовка балалары улану зардабын әлі күнге тартып отыр», «Бұрынғы "компартия қаруларының" қазіргі мерейтойлары», «Тоқаевтың сегіз айы: не айтылып, не атқарылды?», «Б.Тілеухан: “Мұның ар жағында ақша тұр ғой, иә?”».

3 591 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Березовка балалары улану зардабын әлі күнге тартып отыр» - Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылында болған жаппай улану оқиғасынан бері бес жыл өтсе де, басқа жерге көшірілгеніне қарамастан, балалар мен жасөспірімдер оның зардабын әлі тартып келеді. Экобелсенділер ауылды көшіруге билікті көндіру үшін Березовка балаларына денсаулығынан айырылуға тура келгенін айтады.

«Бұрынғы "компартия қаруларының" қазіргі мерейтойлары» - "Егемен Қазақстан" газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында "Жүз жылдың ішінде қазақтың жоғын жоқтап, мемлекеттің сөзін сөйлеп, елдің мəселесін айтып келе жатқан бірден-бір газетке айналды" деп құттықтаушылар көбейді. Бұл пікірмен келіспейтіндер "совет қуғын-сүргініне үлес қосқанын да ұмытпау керек" деп санайды.

«Хабибула Әбдіқадырды Алмазбек Атамбаевпен не байланыстырады?» - Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен әйелі Раиса Атамбаеваның кәсіпкер Хабибула Әбдіқадырмен түскен суреті әлеуметтік желіде тарады. Әбдіқадырдың есімі "Кедей елден жүздеген миллион ақшаны қалай алып шыққан?" атты журналистік зерттеуде аталады. Зерттеуде 2011 жылы оған Қазақстан паспорты берілгені де айтылған.

DALANEWS.KZ.  «Тоқаевтың сегіз айы: не айтылып, не атқарылды?» - Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін ұстағанына сегіз ай толды. Осы аралықта не істеліп, не атқарылды?  «Тоқаевтың тапсырмасы» деп елеп-ескеріп айтарлықтай ел өмірінде қандай өзгеріс болды?

«Бекболат Тілеухан: “Мұның ар жағында ақша тұр ғой, иә?”» - Талқыланған мәселе – міндетті вакциналарға қатысты болатын. “Мені бәрібір убеждать ете алмайсыңдар” деп, Тілеухан айтқанынан танбай тұрып алды.

QAMSHY.KZ. «Салтанат Кеңесбекова: Психологтардан емес, "психтардан" тәлім алып жүргендер көп» -  Психологияны шоуға балап, тренинг пен коучтың қарасы күн артып көбеюде. Осы тақырыпта сұрақтардың жауабын Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі психолог, академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ докторанты  Салтанат Кеңесбековадан сұраған болатын.

«Николя Саркози:  Еуропа құрдымға кетті, оған кінәлі –Трамп» - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Еуропаның құрдымға кетіп бара жатқанына алаңдайды. Француздардың экс-президенті Н. Саркози Mundo газетінің сайтына берген сұхбатында әлемдік саясатта Еуроодақ мемлекеттерінің нағыз ойыншы бола алмай отырғанын айтты. Ал оған кінәлі кім?


28 қараша 2019, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.