Атырау, 24 сәуір 12:20
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Жайық жойылуға шақ тұр. Экологтар дабылы», «Экс-прокурор Тасмағамбетовке тіс батырғысы келген бе?», «Оппозицияның басы неге бірікпейді?», «"Назарбаевтың Лондондағы зәулім сарайы" һәм Әблязовтың "көсемшілдігі"», «СССР Финляндиямен соғысты қалай бастады?».

4 818 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Жайық жойылуға шақ тұр. Экологтар дабылы» - Мамандар Қазақстанның батысындағы екі облысты басып өтетін, көлемі жағынан Еуропадағы үшінші ірі өзен саналатын Жайықтың таяздануын экологиялық апатқа балайды. 2019 жылы өзен суының ластануы ең соңғы - бесінші деңгейге жеткен. Қазақстан мен Ресей билігі мәселенің барын мойындағанымен, оны шешуге әрекет қылып отырған жоқ.

«Наразылар биліктен жемқорлық деректерін тексеруді талап етті» - Бішкекте бейбіт митингіге шыққандар биліктен кеден саласындағы жемқорлықты жойып, шынайы реформалар жүргізуді талап етті. Акцияға Азаттық, OCCRP және Kloop бірлесіп жүргізген зерттеуде жарияланған деректер себеп болды.

«"Қашып кетпесін, қытайша меңгерсін". ICIJ Шыңжаң жайлы құпия құжат жариялады» - 24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялады. "Телеграмма" деп аталатын құжатта Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлерге қамалатын адамдарды анықтау жолы, саяси тәрбиелеу орталықтарының қалай басқарылатыны жазылған.

«"Назарбаевтың Лондондағы зәулім сарайы" һәм Әблязовтың "көсемшілдігі"» - Осы аптада Батыс басылымдары Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі делінген Лондондағы ең қымбат зәулім үй туралы, Қазақстан билігін сынаушы шетелде тұратын Мұхтар Әблязовтың елдегі жаңа ұйымдарды “биліктің жобасы” деп айыптағаны жайлы жазды.

«СССР Финляндиямен соғысты қалай бастады?» - 80 жыл бұрын совет әскері Финляндияға қарсы соғысты қалай бастады, майданда қару ретінде пайдаланған жанармай құйылған бөтелкені неліктен СССР сыртқы істер министрінің есімімен атады, бұл соғыс әлемге нені көрсетті?

DALANEWS.KZ.  «Экс-прокурор Тасмағамбетовке тіс батырғысы келген бе?» - Бас прокуратураның бұрынғы қызметкерлері Бауыржан Ғаббасов және Олеся Кексель өздері жүргізген тергеу ісі бойынша күдіктіні азаптаған деп күдіктелуде.

 QAZAQTIMES.COM. «Саудаланған ағза немесе Қазақстанда дәрігерлер «қылмыскерге» айналған ба?» - Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы белең алып келеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, авиакатастрофаға қарағанда дәрігер қателігінен қаза тапқандар саны артқан. Тиісті заңда «дәрігердің қателігі» пайымы болмаса да, Қазақстанда «абзал жан» атанған мамандардың салғырттығы жайлы соңғы жаңалықтар жаға ұстатып отыр.

«Талауға түскен байлық: Сүрияның мұнай табысы кімдердің уысында?» - 2011 жылдан бері соғыс өрті жалмаған Сүрия біршама мол мұнай қорына ие елдің бірі. Қазір елде бір орталыққа бағынған кемелді басқару жүйесі болмағандықтан байлығы мен билігі қатар талан-таражыға түсіп жатқаны белгілі. 

ZHASALASH.KZ. «Түрмедегі Арон Атабектен келген хат» - Редакциямызға күнделікті кеп жататын көп хаттың ішінен біреуі ерекше көзімізге түсті. Конверттің сол жақтағы «Кімнен» деген бағанда: «Арон АТАБЕК (Едигеев)» деп жазылыпты. «г. Павлодар, СИ-14, корпус 5, к.95». Оң жақ шекесіне кілейленген үш маркадан аюдың суреті көрінеді. Бұрышынан «Павлодар ПСТУ» деген жазуы бар мөр басылыпты. Демек, хат жазушы Арон АТАБЕКТІҢ өзі.  

«Оппозицияның басы неге бірікпейді?» - Наурызда Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қызметінен мерзімінен бұрын кететіндігін мәлімдегеннен кейін, Қазақстанда саяси өмір жандана бастады. Жастар жаңа ұйымдар маңына топтасып, ескі де жаңа оппозиция өкілдері партия құратындықтарын мәлімдеді.


26 қараша 2019, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.