Атырау, 29 наурыз 13:21
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«"Белсенді зейнеткер" Е.Ертісбаев билікті қорғауға қайта оралды», «Баспасөзге басымдық бермей, қоғам сенімі күшеймейді», «Заң неге мемлекеттік тілде жазылмайды? Ата заңда қателік қалай кеткен?», «Лукашенко президент сайлауына тағы да түсетінін мәлімдеді».

3 970 просмотра

AZATTYQ.ORG  «"Белсенді зейнеткер" Ермұхамет Ертісбаев билікті қорғауға қайта оралды» - Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып 12 жыл істеген Ермұхамет Ертісбаев зейнет жасына толды. Бір кездері оппозициялық басылымдар "Ақорда бұлбұлы" деп атаған Ертісбаев 63 жасқа толардан үш ай бұрын Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылды. Елге оралған бұрынғы президент кеңесшінің ақпарат құралдарында билікті қорғап, белсенділік танытып жүргеніне қарағанда, ол әлі де саяси сахнадан алыстай қоймағанға ұқсайды.

«Лукашенко президент сайлауына тағы да түсетінін мәлімдеді» - Беларусьте парламент сайлауы аяқталған кезде, осы елді 1994 жылдан бері басқарып отырған Александр Лукашенко 2020 жылы өтетін президент сайлауына түсетінін айтты. Бұған дейін ол ел президенті болып бес рет сайланған.

ABAI.KZ. «Қожалиева қандай партия құрмақ?» - «Тоғжан Қожалиева есімді белсенді партия құрғалы жатыр» деген әңгіме біраз жұрттың назарын аударғаны рас. Жүйеде өзгеріс болғанын, әділдіктің орнауын асыға күтетін әр ағайын үшін жаңа саяси күштердің пайда болғаны керек-ақ. Алайда сол саяси күштердің салмағы қандай, тізгін ұстаушылары кім, бағыты қалай болады деген сұрақтар тағы бар.

«Бердібек пен Мұқағалидың аналары хақында...» - Бердібек пен Мұқағалиды білмейтін, олардың аты аталғанда елеңдемейтін қазақ жоқ. Тәңіртаудың төсінде туып, «киіктің сүтін еміп ержеткен» қос алып, әдебиетіміздің көгінен ойып тұрып орын алды.

QAMSHY.KZ. «Әлеуметтік жәрдемақы төлеу шынымен мемлекеттік бюджетке салмақ па?» -  Қазір қоғамда «жәрдемақы төлеу бюджетке салмақ болып отыр екен. Бара-бара әлеуметтік жәрдемақы төленбеуі де мүмкін екен» деген пікірлер қаулап тұр. 

«Жанболат Мамай: Биліктің "титушкалары" Демократиялық партияның кездесуіне кедергі жасады» -  Қызылорда қаласында Демократиялық партияның кездесуіне арандатушылар кедергі жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Жанболат Мамай хабарлады. 

INFORMBURO.KZ. «Баспасөзге басымдық бермей, қоғам сенімі күшеймейді» -  Қазақстанда жаңа президент сайланғаннан бері саяси реформалардың қажеттілігі негізгі басымдық ретінде айтылып келеді. Бұл толықтай орынды ұсыныс.

«Заң неге мемлекеттік тілде жазылмайды? Ата заңда қателік қалай кеткен?» - Ресми орыс тілінде жазылып, мемлекеттік тілге аударылатын заңдар қатеге толы. Бұл мәселе 28 жылдан бері айтылып келсе де, неге шешімін табар емес?

QAZAQTIMES.COM. «”Ұлттық емес, қосұлтты” қазақстандық банкнот және посткеңестік елдердің ұлттық валютасы» - Кеңес одағының қанжұқты шекпенінен шыққан 15 мемлекеттің тек екеуінің ғана ұлттық валютасы орыс тілінде. Оның бірі табиғи хақылы – Ресей болса, екінші декоммунизация көрмеген, отарсыздана алмаған Қазақстан. Қалған 13 ел өз банкнотын өз тілінде басып шығарады. 


19 қараша 2019, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.