Атырау, 19 сәуір 16:29
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Росбалт" тілшісін кәсіпкер Кеңес Рақышевті "бопсалады" деп айыптады

2 355 просмотра


Ресейдің ішкі істер министрлігі "Росбалт" ақпарат агенттігінің тілшісі Александр Шваревке "жала жабу" және "ақша бопсалау" баптары бойынша сырттай айып тақты деп хабарлады журналистің адвокатына сүйенген Ресейдің ақпарат құралдары.

Тергеу органдарының дерегінше, журналист қазақ кәсіпкері Кеңес Рақышевтен 50 мың доллар көлемінде ақша бопсалаған. Тергеушілер журналистің кәсіпкерден белгілі бір сайтта жарияланған "жалған ақпаратты жою үшін ақша талап еткенін" айтады. Шварев сонымен бірге миллиардер Әлішер Усманов туралы "қасақана жалған ақпарат таратты" деп айыпталып отыр.

"Тағылған айыптар - бұлыңғыр, жасанды және негізсіз" деді Шваревтің адвокаты Владимир Жеребенков. Адвокаттың айтуынша, журналист қазір Латвияда емделіп жүр.

Мәскеудің Тверь соты 11 қарашада Шваревті сырттай соттау туралы өтінішті қарайды. Журналиске халықаралық іздеу жарияланған.

Шварев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында қылмыстық істі 2015 жылы Мәскеуде болған атыс туралы мақаламен байланыстырған. Сол мақала жарық көргеннен кейін тергеу комитетінің бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктері, қылмыстық топ жетекшісі ретінде саналатын Захарий Калашовқа үкім шыққан.

"Эхо Москвы" сайтының жазуынша, полиция журналистің үйі мен редакцияны тінтіп, Калашов ісіне қатысты деректер бар компьютерді тәркілеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 қараша 2019, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.