Атырау, 28 наурыз 22:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Жүк көлігінен табылған 39 мәйіт: Қайтыс болғандардың кім екені анықталды

3 182 просмотра


Ұлыбританияда тергеушілер жүк көлігінен өлі күйінде табылған мигранттарды идентификациялау процедурасын аяқтады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Эссекс графствосының полициясы 23 қазанда Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапқан еді. Кейін полиция қайтыс болғандардың Вьетнам азаматтары екенін хабарлаған.

Адам өлтірді деген күдікпен Ұлыбритания мен Ирландиядан бес адам ұсталған, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі - 25 жастағы Морис Робинсон бар. Ұсталғандардың үшеуі кепілақымен босатылған.  

"Аға коронер Кэролайн Бизли-Мюррэй қазіргі уақытта қайтыс болғандардың бәрін идентификациялады. Отбасыларына естіртті... Эссекс полициясы тергеуді жалғастырады. Оны Вьетнам полициясымен бірге атқарып жатыр", - делінген хабарламада.  Полиция одан басқа мәліметтер таратқан жоқ. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

8 қараша 2019, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.