Атырау, 28 наурыз 18:17
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Шекара бекетіне шабуылдың салдары қандай болмақ?», «Жанболат Мамай: Кез-келген әділетсіздік халықты көшеге шығуға итермелейді​», «Ташкент Қытайдағы ұйғырлар мәселесін зерттеушіні елге кіргізбеді», «Бюджет қаржысы қалай бөлінеді?».

2 514 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Шекара бекетіне шабуылдың салдары қандай болмақ?» - Қарашаның 6-сына қараған түні 20 шақты қарулы адам Тәжікстанның шекара бекетіне шабуыл жасады. Билік өкілдері елде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының жасағы Тәжікстанға Ауғанстан жақтан басып кірген деп хабарлады. Орталық Азия мен өзге аймақтағы сарапшылар осындай қауіп барын бірнеше жылдан бері айтып жүр.

«Ташкент Қытайдағы ұйғырлар мәселесін зерттеушіні елге кіргізбеді» - Өзбекстан шекарашылары шетелдік зерттеуші Евгений Бунинді елге кіргізбей қойды. Билік оның себебін түсіндірген жоқ. Бунин мұны қазір өзі зерттеп жүрген Қытайдағы ұйғырлар мәселесімен байланыстырады.

«Қазақстан мен Ресейде президент келерде неге әбігерге түседі?» - Омбыда Қазақстан мен Ресейдің 16-өңіраралық әріптестік форумы өтеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысатын шара бірнеше сағат қана болатынына қарамастан, қалада жарты жылдан бері қызу дайындық жүріп жатыр. 2018 жылы қарашада осындай форум Қазақстанның Петропавл қаласында өткенде президенттер келгенше асфальт пен көгал төселген. 2006 жылы күзде Оралдағы форум кезінде қаладан үйсіз адамдарды жоғалтып, сарғайған шөпті жасыл түске бояған.

«Әзірбайжан оппозициясының лидері полицияда азап көргенін мәлімдеді» - Бакуде өткен рұқсат етілмеген митинг кезінде ұсталған әзірбайжандық оппозиция жетекшісі Тофик Якублу полиция қамауда отырғанда азаптауға ұшырағаны туралы сотта мәлімдеді.

ABAI.KZ. «Бюджет қаржысы қалай бөлінеді?» - 30 қазанда «Abai.kz» порталында 2019 жылға арналған еліміздің бюджет қаражаты жайлы ақпарат жарияланды. Қаржы ең көп бөлінген сала автожол екен. Жалпы 187 млрд теңгеден асады. Мемлекетаралық күре жолдармен қатар, облыс орталықтарын ел астанасымен, ірі елді мекендерді бір бірімен байланыстыратын мыңдаған шақырым жолдардың тозығы жеткенін ескерсек көп қаражат бөлінуі түсінікті.

«Жанболат Мамай: Кез-келген әділетсіздік халықты көшеге шығуға итермелейді» - Құрметті оқырман! «Abai.kz» ақпараттық порталы тұрақты түрде жүргізіп келе жатқан интернет-конференцияның осы жолғы қонағы тәуелсіз журналист, қоғам қайраткері, күрескер Жанболат Мамай мырза болды.


7 қараша 2019, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.