Атырау, 20 сәуір 17:38
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«"Қазақстандағы қос президент" немесе билік кімнің қолында?», «Д.Көшім: «Хақ» та, «Республика» да жоғарыдан құрылып жатқан партиялар», «Т.Калеева:Қазақ журналистеріне кедергі түрі көбейіп келеді», «Белсенділер әрекетіне биліктің реакциясы әртүрлі».

3 413 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Аймақтағы белсенділер әрекетіне биліктің реакциясы әртүрлі» - Екі аймақ – Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының тәжірибесі екі түрлі. Петропавлда азаматтар митингіге рұқсат алуға талпынса, Өскеменде халық мәселені қол жинап шешуге тырысады. Азаттық Қазақстанның бес қаласындағы белсенділермен сөйлесіп, бейбіт жиын өткізу құқығының аймақтарда қалай жүзеге асып жатқанын білді.

«"Қазақстандағы қос президент" немесе билік кімнің қолында?» - Батыс басылымдары осы апта Қазақстанның бұрынғы президентінің қолындағы кең өкілет туралы жазып, биліктің "тек қағаз жүзінде ғана тапсырылғанын" айтқан. Шетел ақпарат құралдары, сонымен бірге Қазақстандағы Қытайға қарсы наразылықтың себебіне үңіліп, Пекиннің инвестициялық жобаларының жартысына жуығы мұнай-газ секторына бағытталған деген дерек келтірген.

«Тамара Калеева: Қазақ журналистеріне кедергі түрі көбейіп келеді» - 2 қараша – журналистерге қарсы қылмыстың жазасыз қалуына тойтарыс беру күні. Алты жыл бұрын бекітілген атаулы күні БҰҰ дүние жүзінде тілшілерге қарсы жасалған кез келген әрекетке жол бермеуге үндеп, журналистерді қудаламауға шақырады. Қазақстандық құқық қорғаушылар баспасөзге қысым түрі көбейгенін айтады.

«Гей жігіттің сұхбатынан соң дәрігерлер арасынан ЛГБТ өкілдерін іздеуге кірісті» - Түркіменстанда кардиолог жас жігіттің гей екені жайлы сұхбатынан кейін биліктің дәрігерлер арасында ЛГБТ өкілдері бар-жоғын тексеруге кіріскені туралы хабар тарады. Құқық қорғаушылар үкіметтен полиция шақырған соң хабарсыз кеткен жігіт жайлы ақпарат талап етіп отыр.

ABAI.KZ. «Мұстафа Шоқайдың сенімді серігі - Ескендір Көпжасаров» - Алаш зияларының өткен өмірі мен халқына қалтықсыз атқарған қызметін бағалап, байыптауымыз бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі де бірегейі. XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы бұған дейін болмаған қарқынмен қаулап өсті, кейін олар ұлттық ояну кезеңіндегі сан-салалы қызметтерінде ел мен халық мүддесіне айтарлықтай үлес қосты.

DALANEWS.KZ.  «Ерлан Қарин Дина Елгезекке: “Сенің пікірің эмоциямен жазылған, логика жоқ”» - “Біздегі саяси дискуссияда эмоция көп, ал нақты талдау аз”, – дейді Ерлан Қарин. Мұны “Жас Алаштағы” мақаласынан кейін өзін жазғырған жұртқа берген жауабы деп түсіндік. Қариннің көзқарасын қабылдай алмаған әлеуметтік желідегі бірқатар белсенділер әлгі мақаладағы тұтас тезистердің ту-талақайын шығарған еді.

QAZAQTIMES.COM. «Дос Көшім: «Хақ» та, «Республика» да жоғарыдан құрылып жатқан партиялар» -  Напалеонның «Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады» дегені бар. Отыз жылға тарта билік пен бұхара өз бетімен өмір сүріп, іштей піскен жара ақыры ауыз жарып, елдің саяси-құқықтық сауаты артып, азаматтық қоғам институты аяқтанып, талабы күшейген тұста пікір әралуандығының аясы кеңейді. Осы орайда «жартылай билік транзиті» мен жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келе жатқан партиялардың құрылу курсы жайында саясаткер, тәуелсіз сарапшы Дос Көшіммен тілдесіп, пікірін біліп едік. 


4 қараша 2019, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.