Атырау, 23 сәуір 19:58
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Тоқаев өзіне қойылған шартты ғана орындап отыр», «Журналиске қолшатырмен кедергі жасауды полиция үнсіз бақылайды», «Байбек сонда... түк бітірмеген бе?», «Тоқаевтың бастамалары халықты алдаусырату емес пе?».

2 963 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Журналиске қолшатырмен кедергі жасауды полиция үнсіз бақылайды» - Қазақстанда журналистердің жұмысына кедергі жасау қылмыс саналады. Бірақ маска киіп, қолшатыр ұстаған белгісіз адамдар билікті сынайтындар жайлы хабар әзірлеп жүрген тілшілерге полицияның көз алдында кедергі келтірсе де жазасыз қалады. Адвокат журналист жұмысына кедергіні үйлестірілген шара деп санайды.

«Тоқаев өзіне қойылған шартты ғана орындап отыр» - Қазақстанда қос билік орнады ма? Лауазымға тағайындау туралы шешімді бұрынғы президент басқаратын Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауымен қабылдау жайлы президент жарлығының астарында не жатыр? Азаттық осы және өзге сұрақтарды қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қойды.

«Қалыңмал мен жасаудан шығатын дау-дамай» - Тәжістан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанда қалыңдық пен күйеу жігіттің ата-анасына жүктелген қандай міндетті шығындар бар және тойға байланысты салт-дәстүр отбасылық қатынастарға, несие тарихы мен келесі ұрпаққа қалай әсер етеді?

«Адвокат: Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына "пана іздеуші" куәлігі беріледі» - Қытайдан "шекараны кесіп өтіп", Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына "пана іздеуші тұлға" куәлігі беру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы олардың адвокаты Бауыржан Азанов хабарлады. Бір топ белсенді Қазақстан басшылығынан шыңжаңдық екі қазаққа босқын мәртебесін беруді сұрайды.

QAZAQTIMES.COM. «Түркия мен Қазақстан әскери келісімге қол қойды» - Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Бұл жөнінде ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды. 

ZHASALASH.KZ. «Байбек сонда... түк бітірмеген бе?» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жасаған 2 күндік сапарынан сансыз сұрақ жауапсыз қалды. Қ.ТІ пен қала әкімі Б. Сағынтаев өзара келісіп алғандай қаладағы кемшіліктерді тізіп шыққандарына қарасақ, бұрынғы әкім Бауыржан Байбек түк бітірмегендей. Қызық, Қ.Тоқаев кезінде Сенаттың, Сағынтаев Үкіметтің, одан президент әкімшілігінің төрінде отырғанда Алматыдағы «былыққа» мойындарын неге бұрып қарамаған? 

«Тоқаевтың бастамалары халықты алдаусырату емес пе?» - Қыркүйек айының басында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелеріне Бірыңғай жинақ зейнетақы қорындағы қаржыны азаматтарың мерзімінен бұрын пайдалануына мүмкіндік беретін жоспар құруға тапсырма берген. Кейіннен БАҚ беттерінде БЖЗҚ қаржысының белгілі бір бөлігін алып, тұрғын үй немесе білімге жұмсауға болады деген ақпараттар шыққан. Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталмыш мәселеге байланысты мәлімдеме таратты.

CAMONITOR.KZ. «Қазақша декоммунизация: пафосы көп, ал нақтылық мүлдем жоқ» - Соңғы уақытта қоғам қайраткерлері мен ұлтшыл-патриоттық (немесе ұлтшыл-популистік, кімге қандай атау ұнағанына қарай) бағдарлар бізге декоммунизация өткізу қажеттілігі туралы ой қондыруға тырысады. Олардың ойынша, бұл Қазақстандағы демократиялық қоғамның қалыптасуы мен экономиканың өркендеуінің ең басты шарты. Шындығын айтсақ, мұндай пайымдауларда дерлік нақтылық жоқ, бірақ оның орынына пафос пен мифтер толып жатыр.


31 қазан 2019, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.