Атырау, 29 наурыз 18:11
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Сурет
5 477 просмотра

25 қазанда Атырау қаласы Самал ықшамауданында өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарына арналған №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Төрт қатарлы жаңа ғимарат қазіргі заманғы үлгіге сай арнайы техникалармен, жаттығу залдарымен, жуынатын және психологиялық тынығу бөлмелерімен жабдықталған. Сонымен қатар 40 адамға арналған жатақхана және 7 қызметтік пәтер қарастырылған.  

Салтанатты ашылу шарасына Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қатысып, заманауи ғимарат құтқарушылардың қызметтерін одан әрі жақсартуға септігін тигізеріне сенім білдірді. 


№3 өрт сөндіру депосы облыста жыл сайын халық саны мен қаланың өсіп келуіне байланысты қажеттіліктен туындаған.   

- Қазіргі кезде қалада 3 өрт сөндіру депосы бар. Алайда ол жеткіліксіз. Өйткені бір депоның қызмет көрсету радиусы 3 шақырым болуы тиіс. Сол себепті қалаға бұдан бөлек әлі 4 өрт сөндіру депосы қажет,- дейді Атырау облысы ТЖД басшысы, азаматтық құтқару полковнигі Сағынбек ӨМІРЗАХОВ

Департамент басшысының айтуынша, жаңа депоға 134 қызметкер қажет. Бұл мәселе әзірге әр өрт сөндіру бөлімшесінен 3-4 өрт сөндірушіден алу арқылы шешіліп отыр. Келер жылдың басында түбегейлі шешу жоспарда бар.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста Исатай, Индер, Қызылқоға ауданындағы өрт сөндіру депосы апатты жағдайда. Үш ауданға жаңа ғимарат салу жобасы әзірленіп, биыл Исатай мен Индерде жаңа ғимарат құрылысы басталған. Олар келесі жылдың мамырында пайдалануға беріледі.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

26 қазан 2019, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.