Атырау, 20 сәуір 00:51
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қырылған балық туралы іс: миллиардтаған талап-арыздар мен бітпейтін сарапшылар хикаясы

3 672 просмотра


Атырау қалалық №2 сотында өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда.

- Өткен жолы бізде көшпелі сот отырысы болды, біз «Атырау Су Арнасы» КМК аумағын көрдік», - деп хабарлады алдымен судья Дәуренбек ДАУМОВ.

Сотта жәбірленуші тараптан Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкері Әйгерім АЙТҚОЖАҚОВА, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС мүдделерін қорғайтын алматылық заңгер Илья ШЕЛОМЕНЦЕВ және «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК өкілі қатысты.

Ә.Айтқожақова: өткен жылдың 3 желтоқсанында «Атырау Су Арнасы» КМК құбырынан Жайық өзеніне химиялық заттарды төгу нәтижесінде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері қаладағы 1-учаске ауданы маңында балықтың жаппай қырылу фактісін тіркеді. Экология департаментінің мамандары сол жерден су сынамасын алып, онда хлоридтер бойынша ШРШ көрсеткіші асқанын анықтады. Осылайша, «Атырау Су Арнасы» КМК мемлекетке 13 миллион 924 мың 12 теңге 5 тиын көлемінде залал келтірген.

Алматы қаласының сот-экологиялық сараптама кешенінің қорытындысында 2018 жылдың желтоқсан айында Геолог ауылынан Жайық өзенінің ағысы бойымен төмен қарай Зарослый каналына дейін суға көп мөлшерде хлорлы заттар төгілгеннен кейін өте көп мөлшерде әтүрлі балық қырылып қалғаны көрсетілген. Материалдарда хлорид пен еркін хлордың ағу көзі «Атырау Су Арнасы» КМК-ның Жайыққа төккен шартты таза суы екендігін айғақтайтын сарапшылардың нақты қорытындысы бар.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясын осы іс бойынша азаматтық талапкер деп тануды, сондай-ақ жоғарыда аталған мөлшерде мүліктік залалды өндіріп алуды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салуды, оның ішінде ҚР Екінші деңгейлі банктердің шоттарындағы сотталушы мен азаматтық жауапкерлер Р.Құрметов, В.Сущенко және М.Чурсинге тиесілі ақшаларын қосып, мемлекет пайдасына өндіруді сұраймыз.

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің талап арызы бойынша 1 миллиард 488 миллион 79 мың 285 теңгені, ал «Орал - Атырау бекіре балық зауыты» РМҚК есебіне 429 миллион 438 мың 540 теңге өндіру туралы талап етеді.

Шеломенцев: өткен жұмада Сот кабинеті арқылы қосымша талап арыз бердік, енді сома 1 миллиард 499 миллион 214 мың 231 теңгені құрайды.

Даумов: менің түсунуімше, сот талқылауының соңына дейін бұл сома өсе бере ме?

Шеломенцев: Иә, дәл солай.


ЕКІ МИЛЛИАРДҚА АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП

Адвокат Бауыржан ОРАЗОВ: іс материалдарына сәйкес, балықтың қырылуы «Атырау Су Арнасы» КМК-ның өндірістік қызметінің нәтижесінде болған, сондықтан сотталушы Сущенко осы іс бойынша азаматтық жауапкер бола алмайды. Өйткені бұл жерде жеке тұлғаның емес, өндірістік қызметтің зардабы туралы болып отыр. Сондай-ақ, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС шығарған шығынның сомасына соттың назар аударуын сұраймын. Бұрын қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол 626 миллион теңгені құраса, қазір 1,5 миллиард теңгеге дейін жетті. Сонымен қатар, залалды бағалау ағымдағы жылдың тамыз айында ғана жүргізілді. Сондықтан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС өзінің азаматтық құқықтарын асыра пайдаланды.

Сот жарты сағатқа кеңесу бөлмесіне кетті, келген соң Даумов қаулы шығарды:

- Сот жәбірленушілер Айтқожақова, Сәрсенғалиев, Ақсанбиевтердің мүліктік залал мен сот шығындарын өтеу туралы сәйкесінше 13 миллион 924 мың 12 теңге 5 тиын; 429 миллион 438 мың 540 теңге 24 тиын; және 1 миллиард 499 миллион 214 мың 231 теңге өндіруді талап еткен азаматтық талаптарын қабылдауға қаулы етеді. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясын, «Орал-Атырау бекіре балық зауыты» РМҚК және «Луговой жылқы зауыты» ЖШС азаматтық талапкерлер деп танылсын және олардың өкілдеріне ҚР ҚК 73-бабының 2-бөлігінде көзделген құқықтарын түсіндірілсін. Сотталушы Құрметов, Сущенко және Чурсин және олардың жұмыс берушісі «Атырау Су Арнасы» КМК азаматтық жауапкерлер деп танылып, олардың ҚР ҚК-нің 74-бабының 2-бөлігінде көзделген құқықтары түсіндірілсін. Прокурор мүліктік залалды өтеу және кінәлі тұлғалардың мүліктеріне тыйым салу бойынша көзделген шараларды қолдансын. Тиісті шараларды орындау үшін прокурорға он күндік мерзім беріледі.


СОТ НКОК МАМАНЫН ШАҚЫРДЫ

Сот отырысының соңында үш өтініш берілді.  Біріншісі – адвокат Женни ДЖУМАЛИЕВА алынатын және төгілетін судың көлемін анықтауға қатысты алматылық маманнан жауап алуды өтінді.

Прокурор Жақсылық СИКИМОВ: Джумалиеваның өтінішіне қатысты айтсақ, сотқа дейінгі тергеу барысында Жайық-Каспий бассейн инспекциясының маманынан жауап алынды. Менің ойымша, өтінішті кері қайтару керек, өйткені бұл шексіз жалғаса беруі мүмкін.

Даумов: Сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тартады, өйткені қылмыстық іс материалдарында сот-құқықтық баға бере алатын жеткілікті дәлелдемелер бар. Атап айтқанда, бізде Ақботиннің және басқа да тұлғалардың айғақтары бар. Сонымен қатар, адвокат Оразовтың «Қоршаған ортаны қорғау бойынша сараптамалық зертхананың» химия маманынан жауап алу туралы өтініші бар…

Осы жерде тағы да мемлекеттік айыптаушы Сикимов араласты:

- Құрметті сот, олай болса, мен де өтініш бергім келіп тұр. Біздің тарапымыздан маман ретінде жауап беретін NСОС зертханасының жетекші инженері Әсем КУЛТАНОВА бар. Мен оны тікелей суды тазалаумен айналысатын химия маманы ретінде шақырғым келеді.

Даумов: Сот бұл жайттарды қаперге алып, адвокат Оразовтың өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға қаулы етеді, өйткені бізде мамандар ретінде бірқатар химиктер мен технологтардан жауап алынды. Шетелдік компанияның атынан келетін маманның шынайы және тәуелсіз көрсеткіштеріне тараптардың күмәндануына негіз жоқ деп есептеймін. Сондықтан оның келуін қамтамасыз етуді сұраймын.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

23 қазан 2019, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.